Page 37 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

37
Чахбар портына жақын орналасқан Пәкістанның Гвадар портына Қытай халық
республикасының техникалық және қаржылық көмегімен ірі құрылыс жұмыстарының
жүргізілуі бәсекелестік жағдай тудырып отыр. Сондықтан Чахбар портының қысқа
мерзімде дамуы аса қажет болып отыр.
Иран порттарындағы 20 терминал және оның қосымша жабдықтары жеке меншік
компанияларға Южылгажалға берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік порттық
терминалдардағы тиеу/түсіру жұмыстары Иранның жеке меншік компанияларына
тапсырылды.
Бұл жүргізілген шаралар жүк тасымалдаудың көлемін ұлғайтуға, сонымен қатар көптеген
Иран порттарында тие/түсіру жұмыстары тарифінің 80%-ға дейін өсуіне ықпалын тигізді.
Бұл мәліметтерде Харк, Парс, Лаван, Сирри және т.б. порттардағы мұнай және мұнай
химиялық терминалдардың мұнай мен газ экспортының өңделген көлемі ескерілмеген.
Себебі, бұл терминалдардың жұмыстары Иран мемлекетінің экспорттық мұнай
терминалдары компанияларының бақылауында жүргізіледі.
Каспий алабындағы порттық қызметі нарығында қалыптасқан жағдай, көрші
мемлекеттердің порттарының белсенді дамуына, порттардың бәсекелестік қабілеттерін
жоғарылатуға және Каспийде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған
инвестициялық бағдарламалардың іске асырылып жатқанына көз жеткізеді.
Каспий маңындағы іргелес мемлекеттердің порт инфрақұрылымын дамыту өзінің
экспорттық жүктерін ауыстырып тиеу бойынша қажеттіліктерін жабу мақсатында жүзеге
асырылады.
Жалпы Иран жүк тасымалдау әлеуеті Каспий аймағы бойынша 10%-ды құрап отыр, соның
ішінде қазақстандық және ресейлік металлургиялық зауыттарының металл өнімдері және
асбест пен астық тасымалдайды.
Шекаралас аймақтардың порттарындағы жалпы нарықтық, маркетингтік жағдайды талдау
негізінде, сонымен қатар отандық теңіз көлігінде Қазақстанның стартегиялық міндеттерін
жүзеге асыру үдерісін ескере отырып, Қазақстан арқылы өтетін көлік бағыттарының
мүмкіндігі келесідей үрдіс алмақ: ТРАСЕКА, «Солтүстік-Оңтүстік».
Бұл бағыттардағы қатынасты ескеріп, бәсекелестік тарифтерді құру негізінде және
тасымалдау жоспарын өзгерту барысында Ақтау портына мыс (Жезқазған), асбест
(Қостанай), кокс (Атырау), полиметалл рудасы, барит (Южполиметалл, Кентау),
күкірт(ТШО), полистирол (Ақтау), қара металл ломы, көлемі үлкен емес жүктер,
жабдықтар (мұнай газ секторындағы компаниялар) және т.б. жүктерді тасымалдау
бағытының мүмкіндігін қарастыру көзделініп отыр.
Қазақстанның Каспийдегі теңіз тасымалдау жұмыстарының игерілуі елдің Батыс
аумағындағы мұнай өндірудің қарқынды дамуымен, сонымен қатар Парсы шығанағы
елдері мен Кавказ бағытындағы экспорттық мүмкіндіктерді толықтай жүзеге асыру
қажеттілігімен ынталандырылады.