Page 34 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

34
орталықтарды құру және теміржолдың кірме жолдарын, автожолдарды, қоймаларды және
басқа инфрақұрылымдарды салу арқылы Трансибті жандандыруды жоспарлап отыр.
Осыған орай, Новросийский порты 2006 жылы 7 компаниядан тұратын холдинг ретінде
құрылып, кейінгі бес жыл ішінде жүк айналымын 50 млн. тоннадан 80 млн. тоннаға дейін
көтерген және Европа, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Азия-Тынық мұхит
аймақтарындағы бағыттарға бағдарланған Ресейдің оңтүстік теңіз маршрутындағы
маңызды пункт болып табылады. Сонымен қатар, Орталық Азияға және Қазақстан арқылы
Қытайға бағытталған жүктерге транзиттік мүмкіндік беретін порт болып табылады. Осы
аталған бағытқа келешектегі жүк айналымының көлемі 32 млн. тоннаны құрап отыр.
Новроссийск көлік торабының және Қара теңіз бассейніндегі теңіз портының басты
мәселелерін кешенді және жүйелі түрде шешу екі жақты мәселені қамтып отыр. Біріншісі
- Новроссийск аймағында теңіз, темір жол, авто жол, инфрақұрылымдардың өзара тығыз
қарым қатынасы және логистикалық орталық пен экспедиторлық жүйелерді құру, «есіктен
есікке» конвейерлі жүйе құру. Новороссийск аймағында логистикалық орталықты құру
эксперимент ретінде орын алып, Ресей Федерациясы бойынша бұл жүйені енгізу көзделіп
отыр. Екіншісі - Новроссийск портындағы құрылғыларды бір жүйеге біріктіру. Себебі,
жалға берілген 5 порт бар, соның ішіндегі ірі порт - Новороссийск теңіз сауда порты. Бұл
порт арқылы Ресейдің экспорттық жүктері тасымалданады, нақтылай келсек, мұнайдың
30%-ы, астықтың 70%- ы, болаттың 25%-ы және 50 % қант импорты.
Сонымен Новороссийск порты арқылы жүк тасымалына әсері бар инфрақұрылымдарды
біртұтас жүйе ретінде біріктіру саясаты ашық мәселе ретінде қалып отыр. Демек,
халықаралық тәжірибеге негізделу қажет. Мәселен, Бразилия, Мексика, Аргентина,
Канада, АҚШ-та көлік торабтарын біріктіру жөнінде, әсіресе темір жол торабтарын
біртұтас жүйе ретінде біріктіру талаптары орын алған. Яғни, жасанды пайда болған жеке
меншік операторлар арасында бәсекелестік жағдай туғызу мақсатында осындай
шаралардың жүзеге асуына шешім қабылдаған. Бірақ, халықаралық тәжірибе бойынша
біртұтастық жүйені қабылдамау, зардап әкелетінін көрсеткен.
Новороссийск портын дамытуға сәйкес жан жақты негізделген стратегияны әзірлеу
қажеттігі туындап отыр. Осы порт арқылы жүк тасқынын үш есе ұлғайту мақсатында тек
қана экспорттық тауарлардың көлемін ұлғайту ғана емес, басқа да жолдарын қарастыру
көзделуде.
Ресей мамандарының халықаралық тәжірибеге сүйеніп, саралау негізінде контейнерлі жүк
тасымалының шет мемлекеттердің барлық жүк тасымалының 2/3 бөлігін құрайтынын
назарға алып отыр. Ресей бойынша контейнерлі жүк тасымалының барлық жүк түрлерін
тасымалдаудағы үлесі 1,3% құрап отырғандығы алаңдатады.
Демек, Ресей тарапынан контейнерлі жүк тасымалы жалпы теңіз порттарының жүк
тасымалдау әлеуетін арттыруға бірден бір оңды әсерін тигізетін басымды бағыт болып
отырғандығын баса назарға алуымыз қажет.
Түркменстан. Түркменбашы порты. Қазіргі кезде Түркменбашы порты, ТРАСЕКА
дәлізінің шеңберінде транзитті жүкті өз порты арқылы (Қазақстан аумағын айналып өтіп)
тасымалдаудың баламалы бағдарын ұсынатын бәсекелес болып келеді. 2000 жылдан
бастап құрғақ жүк, паромдық және мұнай құю терминалдарын күрделі жөндеумен портты
жаңарту басталды. Қазіргі кезде портта көлемі 5 мың шаршы метр барлық түрдегі теңіз