33
Астрахань топтастырылған порт құрамына Астрахань, Оля және «Бузан - порты»
порттары кіреді, олардың аумағында 20 стивидорлық компаниялар жұмыс істейді, оның
ішінде 18 құрғақ жүктерді ауыстырып тиеуге және 2 құю жүктеріне мамандандырылған.
Астраханьда 16 стивидорлық компаниялар жұмыс істейді, оның ішінде 14 құрғақ жүктерді
ауыстырып тиеуге және 2 құю жүктеріне мамандандырылған. Оля портында 2 компания
жұмыс істейді, екеуіде тек құрғақ жүктермен. Бузан портында құрғақ жүктерді ауыстырып
тиеуге мамандандырылған 1 стивидорлық компания- «Нариманов- Терминал»
компаниясы жұмыс істейді.
Қазіргі кезде Оля портында ұзындығы 180 метр құрғақ жүк айлағы және Ро-Ро түріндегі
кемелерді қабылдау үшін жабдықталған автопаромдық кешені бар. Қолданыстағы
айлақтардың қайта өңдеу қуаттылығы жылына - 0,54 млн тонна. Портта қуаттылығы
жылына 0,27 млн тонна контейнерлік кешенді салу қарастырылуда. Оля портының
өндірістік қуаттылығын жылына 4 млн тоннаға дейін көбейту жоспарлануда.
«Россморпорт» ФМУК Астрахань филиалының ақпараты бойынша 2006 жылдың
қорытындысымен Астрахань, Оля және Бузан порттарының жалпы жүк айналымы, оның
ішінде транзиттік жүк ағымдары шамамен 6 млн тоннаны құрады. Ауыстырып тиелетін
жүктердің негізгі көлемі бұрынғыдай құрғақ жүктер, ол 80 пайыз құрайды, жалпы
көлемнен - негізінде металл және металл бұйымдар (2006 жылдың қорытындысы
бойынша олардың үлесі 45 пайыз құрады). күкірт(20 пайыз), ағаш және кесілген ағаштар
(12 пайыз), қағаз (2 пайыз), контейнерлік жүктер (3 пайыз) құрайды.
Астрахань порты жалғыз көлік кешені болып табылмайды. икемді тариф саясатын
өткізуге мүмкіндігі бар жеке компаниялар иелігіндегі құйылыс бойындағы бірнеше
айлақтардан тұрады.
Махачкала халықаралық теңіз сауда порты Ресейдің Каспий өңіріндегі көне порттарының
бірі болып есептеледі (130 жыл). Порт айдыны жыл бойы қатпайды. Порттың мұнай қоры
сыйымдылығы 500 мың текше метр және Баку-Новоросийск мұнай құбырымен
байланыстырылған. Бес пирсті және бес толқын тосқынын толық жаңғырту, түбін
тереңдеткіш жұмыстарын өткізу жоспарлануда. Портқа кіретін кемелердің барынша
ұзындығы 135-140 м, ені - 20 м, жүк көтергіштігі - 10000 тонна, шөгуі - 9 метрден артық
емес. Порттың тасымалдау қуаты 5 млн. тонна жүкті өңдеуге мүмкіндік береді, оның
ішінде 80% көмірсутек шикізатын ауыстырып тиеу құрайды.
Махачкала халықаралық теңіз сауда портында мұнайды ауыстырып тиеу үшін дамыған
инфрақұрылымы бар. 2006 жылы жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі шамамен 6
млн тонна құрады. Портта жалпы жүкті тиеу/түсіру жұмыстарын жүк көтергіштігі 70 мың
тонна болатын көлік флотымен жүзеге асыруда. Портта жылына 20440 вагон өткізу
қабілеттілігі бар теміржол паромы өткелі бар. Өткел Махачкала-Түркменбашы және
Махачкала-Ақтау бағдарларында іске асырылатын «Петровск», «Советский Дагестан»
үлгісіндегі паромдарға есептелген. Осы бағыттардағы негізгі жүктер сұйытылған газ,
мұнай, бас жүктер болып табылады. Қазіргі уақытта порттың өткізу қабілеттілігін жылына
15 млн тоннаға дейін, соның ішінде мұнай құю жүктерін жылына 10 млн тоннаға дейін
көбейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Новоросийск теңіз сауда порты әлемнің ірі 40 портына кіреді. Бұл порттың Қазақстан
арқылы Қытай мен Еуропа бағытында жүк тасымалдау мүмкіндігі бар. Ресей
Федерациясының көлік министрлігі Восточный - Находка порттарында логистикалық