Page 32 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

32
Каспий теңізінде порттар мен пароход шаруашылығының қазіргі заманауи түрде
орналасуы экномикалық және табиғи-географиялық факторлардың әсерінен қалыптасты.
Ол белгілі бір мөлшерде қолданыстағы порттардың қуаттылығын арттыруға әсер етеді.
Қазіргі таңда порттарды пароход шаруашылығы бойынша бөлу, теңіз көлігінің өндірістік
қызметін басқарудың тек өндірістік-экономикалық факторын емес, сонымен қатар
әкімшілік-ұйымдастырушылық факторын көрсетеді.
Әзірбайжан Республикасы. Каспий бассейніндегі теңіз порттарын ғылыми зерттеулері
барысында. Баку халықаралық теңіз порты Каспий теңізінің батыс жағалауында
орналасқанын көрсетеді.
Баку халықаралық теңіз порты Каспий теңізінің батыс жағалауында орналасқан және
Каспий мұнайын ауыстырып тиейтін маңызды транзитті орталықтардың бірі болып
табылады. Жүк айналымының шамамен 65 пайызын мұнай мен мұнай өнімдерін
тасымалдау, ал 35 пайызын паромдық өткел жүктері және басты жүктер құрайды.
Порттың инфрақұрылымына айлақ қабырғасының ең көп тереңдігі 7 метр болатын 8 айлақ
кіреді.
Ақтау-Бакутелімі ТРАСЕКА көлік дәлізінің байланыстыру буыны болып табылады. 2001
жылдың қыркүйегінен бастап темір жол паромдық Ақтау - Баку - Ақтау қатынасы өз
жұмысын істей бастады. Осы жолда жүк сыйымдылығы 28 темір жол вагондарына тең,
жолдың алатын уақыты 18-20 сағатқа тең, темір жол "Советтік Дагестан" атты паромдары
жұмыс істейді, паромдар жолаушыларды да тасымалдайды.
Дюбенди мұнай терминалы Баку портының бөлімі болып келеді. Порт үш арнайы
пирстен, резервуарлы парктен (өткізу мүмкіншілігі - айына 250 мың тонна) және бір
уақытта 2 танкерді арқандап байлауға мүмкіншілігі бар айлақтық фронты бар мұнай
терминалынан тұрады. Мұнай құбырлары Баку қаласындағы мұнайды кайта өңдейтін
зауыт пен Грузияға бағытталған магистральді темір жолға тікелей қатысты темір жолды
байланыстырады. Порт ауданында шөгуге дейінгі шегі 7 метр, жүк көтергіштігі 8100
тоннаға дейінгі танкерлер өңделеді.
Порттың инфрақұрылымын жетілдіруге, жаңа мұнай құбыры телімінің құрылысын, сорап
станцияларын салуға, сақтауға арналған резервуарларды орнатуды қоса есептегенде 22
млн АҚШ долларға тең инвестиция салынды, нәтижесінде порттың көмірсутекті
шикізаттарын өткізу мүмкіншілігі 12 млн. тоннаға дейін артты.
Санғачалы терминалы Баку-Тбилиси-Джейхан жобасының шеңберінде мұнайды
тасымалдауға бағытталған. Терминалда мұнайды сақтау үшін резервуарлардың
сыйымдылығы шамамен 360 мың текше метрді құрайды.
2006 жылы Баку портындажүкті ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 5 млн 940 мың тонна,
соның ішінде мұнай өнімдеріне 3 млн тонна, паром терминалына 2674,0 мың тонна, жүк
терминалына 124 мың тонна, контейнерлік терминалға 124 бірлік (1695 тонна) құрады.
Ресей Федерациясы. Астрахань су көлігі кешені шартты екі телімге бөлінеді: Астрахань
топтастырылған порты және Астрахань қаласынан 100 шақырымда Волга-Каспий
каналының трассасында орналасқан Оля теңіз сауда порты.