30
порттық акционерлік қоғамдар құрылды. Порттық акционерлік қоғамдар айлақтарға,
қоймаларға, тиеп/түсіру құрылғыларына ерекше меншіктік құқыққа иемденді, яғни ұзақ
мерзімді жалға алды. Бірақ, бағаны төмендету, клиенттерге тиімді қызмет атқару, порттық
инфрақұрылымдарды жандандыру секілді мәселелер көтерілмеді. Әлемдік банк
сарапшыларының есебі бойынша, порттық акционерлік қоғамдардың монополиялы
жағдайы әсерінен Ресейдің 14 млн. тонна жүктері көршілес мемлекеттердің порттарына
бағытталды.
Порттық акционерлік қоғамдармен қатар, порттардың жекешелендірілмеген мүлкін
басқаратын теңіз әкімшілігі де жалпы порттардың дамуына ықпалын тигізе қойған жоқ.
Порт қызметіне қатысты бұл екі құрылым тарифтердің мөлшерін әр түрлі бекітеді. Бұл
үдеріс жүк тасымалы көлемінің кейбір жағдайларда төмендеуіне әкеліп соғып отыр.
Сонымен Ресей порттарын жекешелендіру үдерісі айтарлықтай нәтиже бере қойған жоқ.
Демек, осы айтылған жағдайлардың қателіктерін ескерген жағдайда Ресей, Украина
елдеріндегі порттардың басынан кешкен реформалау үдерісі Қазақстанның теңіз көлігіне
немесе Ақтау портын реформалау, әлеуетін дамыту жағдайына тәжірибелік сипаты бар.
Әлемде теңіз порттарын жеке меншікке беру үдерісімен қатар, порттардың дамуына
байланысты әр түрлі формалар орын алады.
Мәселен, Нью-Йорк порты мемлекеттік мәртебесін сақтай отырып, аймақтық билік
органдарына бағынады, яғни Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттары Үкіметтерінің
құзіретінде. Нью-Йорк порты салықтан босатылған, ал тапқан табысы порттың мұқтажына
жұмсалады.
Халықаралық тәжірибеде порттардың дамуының муниципальді нұсқасы бар. Демек, бұл
жағдайда порт қалалық атқару билігінің құзіретінде болады. Муниципальді порттарға ірі
Роттердам, Антверпен порттары жатады. Түркияда жалпы саны 55 порттар мен
портпункттер қалалардың құзіретінде қызмет атқарады. Муниципальді порт
шаруашылығынының артықшылығы қалалық мүлікті кепілге қойып, жеке меншік
капиталды тарту болып табылады.
Қазақстан үшін муниципальды нұсқаның тартымды жағын назарға салу керек. Бірақ,
муниципальды нұсқа бойынша отандық порт аймақтық әкімшілікке бағынуы тиіс. Ал,
Ақтау портының Қазақстанда теңіз көлік саласының стратегиялық объектісі ретінде бір
ғана екендігін. порттың дамуына қаржы көлемінің көп мөлшерде қажеттілігін,
мамандардың тапшылығын және т.б. күрделі мәселелерді ескерсек, Ақтау порты үшін
аталған нұсқаны ендіру шараларын жүргізу мемлекеттің құзіретінде.
Әлемде сонымен қатар, порттардың дамуының қоғамдық нұсқасы бар. Бұл нұсқаның
жүзеге асуы барысында әр түрлі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен порттың
мүлкін мемлекет пен ұжым өзара бөлісе алады. Мәселен. Генуя портының 50% акциясы
мемлекет иелігінде. ал қалған жартысын басқару персоналдары иемденеді. Портты
баскаратын және оның дамуына жауап беретін кооперативті типтегі компания орын
алады. Бұл компанияға үкіметтік орғандар, кеме шаруашылығы, теміржолдар, лоцмандық,
автомобильдік, экспедиторлық фирмалар кіреді.