Page 28 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

28
айырмашылығы бар. Сонымен қатар Германияда, Нидерландыда және Белгиядан едәуір
дамыған «муниципальді» дәстүрлі жүйе өз алдына ерекше қызмет атқарады.
Жалпы бұл аталған айырмашылықтар бірыңғай маңызы бар, бірақ басқару әдісінде
қарама-қайшылығы бар мәселелердің туындағандығын байқатады. Континентальді
дәстүрге сәйкес, порт әкімшілігі порттың қызметін басқарады, теңіздің кірме жолдары
және ішкі аудандармен байланыс инфрақұрылымдары мемлекеттік биліктің құзіретінде,
ал жүктерді өңдеу және басқа қызметтерді жеке меншік компаниялар аткарады.
Бұдан басқа, біртұтас ұйым ретінде теңіздің кірме жолдары, порттың өзі және жүктерді
өндеу бір ғана ұйымның құзіретінде болатын портты басқару дәстүрі бар (Ұлыбритания).
Бұл ұйым порттың барлық қызметтерінің орындалуын қадағалайды. Теңіз порттары
мемлекет пен жеке меншік құрылымдар арасында ортақ жағдайда қалып отыр.
Порттық инфрақұрылым «коғамдық тауардың» кейбір сипатын иеленген, сондықтан да
әлеуметтік-экономикалық көзқарас бойынша қарастырылады. Қазіргі күні порт
қызметтерінде жеке меншік капиталдың қатысу үрдісі дамып келе жатыр, әсіресе
коммерциялық сипат алатын бағыттарда, мәселен жүктерді тасымалдау қызметтерінде.
Сондықтан, осы қызметтерге арналған жабдықтарды қаржыландыру жеке меншік
сектордың міндетіне тиесілі.
Порттық әкімшіліктер. көбіне лэндлорд моделімен жұмыс жасайды, сонымен қатар
порттың тиімді қызметін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сфераларды қаржыландыру
және басқару қызметтерімен шектеледі. Жүктерді өндеумен айналысатын порт
операторлары, оның дамуына көңіл бөледі және каржыландырады. Бұндай жағдай келесі
порттарда орын алып отыр: Буэнос-Айрес, Келанг, Мапуту және т.с.с.
Дегенмен, Ғамбург портындағы ірі операторлық компания Германиядағы тиесілі Жердің
меншігінде бола тұра, жеке операторлық компаниялармен бәсекелестік жағдайда қызмет
атқарады.
Жеке меншік инвестициялардың теңіз порттары мен инфрақұрылымдарының дамуына
көптеп жұмсалу қарқыны байқалып келеді. Инвестиция көлемі, көбінесе контейнерлі
терминалдардын құрылысын салуға және кеңейтуге, астық, көмір және сұйық жүктерді
тасымалдау кешендеріне бағытталынып отыр.
Порт қызметінің халықаралық тәжірибесін талдау кезінде ТМД мемлекеттерінің ішіндегі
Украина порттарының әлеуетінің жоғарылығы байқалып отыр.
Украина мемлекетінің «Одесса», «Ильичевский», «Мариупольский», «Южный»,
«Измаил» порттары және т.б. қазіргі күні реформалау саясатына баса назар аударып отыр.
Себебі, нақтылы реформалау қажеттігі сол елдің экономикалық саясатымен байланысты
бірге үйлесімін тауып, даму үстінде.
Украина порттарының әлеуеті Кеңес Одағы тұсынан қалған ресурстық көздерін атап
айтсақ: 5.2 млн. дедвейті бар 400 теңіз кеме және 18 ірі теңіз порттары қалған.
Кеңес Үкіметі ыдыраған мерзімнен кейінгі жылдары Украина портарында кризисті жағдай
туындаған, бірақ сол елдің Үкімет тарапынан порт қызметіне еркіндік бергеннен кейін көп
мәселелердін басы шешіле бастаған. Мәселен, 1998 жылы Украина порттары 69,2 млн.