27
3. Қаржылық себептер: мемлекеттік шығындарды қысқарту; мемлекеттік сектордың
коммерциялық тәуекелдерін төмендету; жеке меншік сектордың аймақтық және/немесе
ұлттық экономикадағы үлесін көбейту.
4. Мамандарға байланысты себептер: мемлекеттік әкімшіліктендірудің деңгейін қысқарту;
порт персоналдарының құрылымын өзгерту және біліктілігін көтеру; шектеу әдістерін
жою немесе қысқарту; жеке меншік секторларға жұмысқа орналасу.
5. Маркетингтік себептер: жаңа рыноктарға шығу.
6. Порттарды реформалауға қажетті әдістер мен құралдар.
Жеке меншік секторды тарту әдістері: ырықтандыру; коммерциаландыру; жекешелендіру;
корпоративтендіру.
Порттарды реформалау құралдары: мердігерлік және келісім шарттар мен менеджмент
туралы келісім шарттар; концессиялар; жалға беру келісім шарттарының жүйесі;
жекешелендіру; сату арқылы иеліктен шығару.
«Порттарды реформалау құралдарын» назарға алатын болсақ, кез келген порт
реформалаудың қажет екендігін байқайды. Осыған сәйкес мемлекет иелігінен алу
жолдары көп, бірақ дұрыс жолын таңдап алу күрделі, шешім қабылдау қиын.
Халықаралық порттар мен айлақтардың қауымдастығы порттық индустрияда жекеменшік
сектордың қатысу үлесін анықтау мақсатында сауалнама жүргізген. Онда 188
респонденттердің ішінде, 78-і дамушы елдердің өкілі болған. Респонденттердің басым
көпшілігінің жауабы бойынша, порт активтері өзінің құзіретіндегі меншігінде екендігін
көрсетіп отыр. Тек, кейбір сауалнамалардағы жауаптарда, құрғақ жүктерді өңдейтін
порттың жабдықтарын жеке меншік және мемлекеттік құрылым иемденіп отырғандығы
байқалады. Контейнерлі және құрғақ жүк терминалдары жабдықтарының 25%-ы жеке
меншік компаниялардың меншігінде. Көптеген порттардың әкімшілік құрылымдары
айлақтық қызмет көрсетуге, порт капитанының жұмыстарына, су түбін тереңдету
жұмыстарына, қоймалар және порттың басқа қызметтері туралы ақпарат беру
жұмыстарына жауап береді. Ал, порттардың келесі қызмет түрлерін: тиеу/түсіру.
буксирлеу, жер бетіндегі тасымалдау жұмыстарын жеке меншік және мемлекеттік
құрылымдар жүзеге асырады. Бұп қызмет түрлеріне жеке меншік компаниялардың
күннен-күнге көптеп қатысуы байқалады. Келешекте порттық индустрияда жеке меншік
капиталдың қатысу үрдісі қарқынды дами бастауы күтілуде.
Теңіз сауда порттары қатаң бәсекелестік жағдайда дәстүрлі түрде коммерциялық негізде
қызмет атқарып келеді. Бұл бәсекелестік жағдай ішкі және шетелдік порттардың арасында
белең алып келе жатыр. Мәселен, Еуропадағы порттардың өзі, әр түрлі экономикалық,
құқықттық, әлеуметтік және салықтық жағдайларда қызмет атқарады.
Сонымен қатар теңіз порттарының әр түрлі айырмашылығы бар басқарудың жүйелері мен
дәстүрлері кездеседі.
Ағылшын-саксондық тәуелсіз порттардың әкімшілік биліктері Францияда, Испанияда,
Италияда орын алып отырған орталықтандырылған латындық жүйеден айтарлықтай