Page 26 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

26
Бұндай модельдің қатарына Европаның келесі ірі порттары жатады: Роттердам
(Нидерланды), Антверпен (Бельгия), Ғамбург (Германия), АҚШ-тың: Нью-Йорк, Лос-
Анджелес, Лонг-Бич, Нью-Джерси жэне Келанг (Малайзия), Лаем Чабанг (Тайланд),
Синғапур және т.б. мемлекеттердің порттары. Сонымен қатар бұл модель Ресей және
Балтика мемлекеттеріндегі Астрахань, Санк-Петербург, Риға секілді порттарды басқару
жүйесінде де қолданылады.
Лэндлорд-порт моделі көлемді жүк тасқынын тасымалдайтын (жылына 20 млн. тонна
және одан жоғары) порттарда қолданылады. Оның басты мақсаты порттық қызметпен
айналысатын кәсіпорындар арасында таза бәсекелестік жағдай тудыру.
Тул-порт моделінің қызмет атқаруы Лэндлорд-порт моделіндегі шағын және орта
порттардың мұқтаждықтары үшін бейімделу моделі болып табылады. Ол өз алдына порт
қызметін атқаратын кәсіпорындар арасында бәсекелестік жағдайды қамтамасыз ету үшін
қызмет атқарады.
Толық жекешелендірілген порт. Порт қызметіне қандай да бір тараптан мемлекеттің
араласуы жүрмейді. Порттың активтері, соның ішінде порт кешенінің жері компанияның
жеке меншігінде қалып, барлық қызметі мен жалпы даму стратегиясы сол компанияның
құзіретінде қалады. Бұл модельдегі тәуекел - порттың жер учаскелері жеке дара мақсатқа
сәйкес жұмылдырылмауы мүмкін. Бұндай модель Ұлыбритания мен Жаңа Зеландияда
орын алып отыр.
Қазіргі таңда Ақтау порты «тул-порт» моделі бойынша қызмет атқарып отыр. Порт кешені
үшін барлық қызмет түлері, порт активтерін ұстау, пайдалану республикалық мемлекеттік
кәсіпорын «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» кұзіретінде, тек астық жүктерін өңдеу
бойынша өндірістік инфрақұрылым порт құзіретінен тыс жұмыс істейді.
Порт
әлеуетін
арттыру
мақсатында
халықаралық
тәжірибеде
көптеген
ұйымдастырушылық сипаттағы өзгерістер кездеседі. Халықаралық порттардағы
контейнерлі тасымалдың даму қарқынын ескерсек, мемлекеттік және жеке
кәсіпорындардың бірігу үрдісі, қазіргі күні байқалып келе жатыр. Оның мақсаты порттағы
контейнерлерді өңдейтін негізгі құралдарды баскару. Контейнерлі жүкті өңдеуді
қамтамасыз етуге негізгі құралдардың құрылысын жүргізу, оны баскару және тапсыру
секілді өндірістік үдерісте концессиялар мен келісім-шарттардың көбею қарқыны
мемлекет пен жеке меншік инвесторлардың қаржылық тәуекелдерін төмендету
мақсатында қызметтерін бөлу байқалып отыр.
Осындай мәселелерге байланысты Әлемдік қайта қаржыландыру және даму банкі мен
БҰҰ жанындағы халықаралық қаржылық мекемелер тарапынан «Порттарды реформалау
құралдарын» әзірлеген. Бұл әзірлеген құжатта реформалаудың себебін арнайы
категориялар бойынша топтастырып келесідей көрсеткен:
1. Жалпы себептер: порттар қызметінің гиімділігін арттыру; шығындар мен тарифтерді
төмендету; қызметтердің сапасын көтеру; бәсекелестік күресте ұстанымдарды күшейту;
клиенттермен қарым қатынасты жақсарту (клиенттерге үлкен назар аудару).
2. Әкімшіліктік (басқару себептері): порттарды мемлекеттік басқару жағдайында саяси
ықпалды төмендету; төрешілдікті төмендету; тиімді менеджмент енгізу; мемлекеттік
монополияларға жол бермеу.