25
Сервис-порт. Бұл модель монополиялы сипат алады. Порт әкімшілігі порт кешенінің іс-
әрекетіне қажетті толыққанды қызмет атқарады. Порт кешеніне қатысты барлық
активтерді иемденеді, ұстайды, қажетінше жаратады. Порт өкілетті орғанға бағынады.
Аталған «сервис-порт» моделі бойынша Каспий теңізіндегі мемлекеттік - Баку,
Махачкала, Түркменбашы және Иранның кейбір порттарының қызметін жатқызамыз.
Бұл модельдің артықшылығы портты басқару мен пайдалану мемлекеттік орғандар
тарапынан жүзеге асырылатындығында. Кемшілігі ретінде келесілерді жатқызуға болиды:
монополиялық жағдайдың үстем алып, жеке меншік сектордың дамуына шектеу жасау,
клиенттердін таңдауының шектеулілігі, жұмыс өнімділігінін нашарлығы және тиімсіздігі.
Бұл модельге тән шаруашылық қызмет атқарып жатқан мынадай әлемдік порттарды
жатқызуға болады: Сингапур, Бангкок (Тайланд), Мумбаи (Үндістан), Дубай (БАӘ) және
Египет порттары.
Тул-порт. Порт әкімшілігі жоғарыда айтылған порт кызметіне ұқсас. Бірақ тису-түсіру
операцияларын порт әкімшілігінен тәуелсіз жалданған экспедиторларлық ұйымдар
жүргізеді және олар міндетті түрде осы қызметке құқы бар порттық қызмет атқаруы тиіс.
Порттың территориясындағы барлық инфрақұрылым порттың меншігінде болады. Тиеу-
түсіру опреацияларын жасайтын үйымдар порттың жабдықтарын уақытша қолданады.
Орындалатын міндеттерді жіктеп бөлу бұл модельде қиын мәселе. Дегенмен, порт
әкімшілігі тиеу жабдықтарын иемденеді, тиеу операцияларының келісім-шартына тиеу-
түсіру (стивидорлық) компания жүк иесімен немесе кеме иесімен отырып, келсім-шартта
белгіленген міндеттемелерді орындайды, осыған сәйкес стивидорлық компания барлық
технологиялық процестерді толық бақылауға ала алмайды.
Бұл модельдің артықшылығы жеке меншік секторлардың технологияларын тарту арқылы
басқару қызметі жүзеге асырылады.
Тул-порт моделі бойынша қызмет атқаратын Кобе және Иокогама (Жапония), Каошунг
(Тайвань), Пусан (Корея), Сиэттл (АҚШ).
Лэндлорд-порт. Бұл модельде қызмет түрлері белгілі бір деңгейде бөлінген. Порт
әкімшілігі жер иелерімен реттеуші орған болып табылады. Ал, порттық операциялар
тәуелсіз коммерциялық ұйымдармен жүзеге асырылады.
Әкімшілік порттың инфрақұрылымын иемденеді, оның ішіне жер учаскелері кіреді және
ол басқа компаниялардың пайдалануына беріледі. Порт территориясындағы барлық
салынған құрылыстар мен жабдықтар, жүк терминалдары тәуелсіз компаниялардың
құзіретінде болады және операторларға негізгі қорларды жалға беру тетігі орын алады.
Олар белгіленген талаптарға сәйкес порт кешенінің жер учаскелеріндегі крандар және
өздерінің жеке меншік құрылыстары мен жабдықтарын кұра алады.
Бұл модельдің тиімді жағы мемлекет тарапынан аз қаражат жұмсалынады және
бәсекелестік жағдайдан туындаған тиімді, төмен тарифтердің қолданылуы болып
табылады.
Сонымен, теңіз портының әкімшілігі коммерциялық қызметке араласпайтын реттеуші
орған болып табылады.