Page 24 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

24
арнайы территория бөлінеді. Бұл бөлінген территорияда логистикалық қызметтің, оның
ішінде қоймалардың, буып-жинақтайтын, қайта жинақтайтын, таңбалайтын, жинақтап-
тарататын қызметтердің дамуына жағдай жасалады. Бұл территорияға айлақтар кірмейді,
бірақ баж салығынсыз жеңілдіктер қолданылады. Бұл аймақтардағы қызметтердің басты
мақсаты қосымша құны жоғары операцияларды орындау болып табылады. Демек,
коймадағы жүктің сақталуы, жүктерді өңдеу, шоғырландыру және жинақтау қызметтерін
басымды етіп, сервистік қызметті жетілдіріп болып табылады.
Баж салығынсыз аймаққа кіретін логистикалық парктерде порт территориясында
инфрақұрылымды және қызметтерді дамыту үшін жеңілдік беру саясатын қолданады.
Логистикалық парктердің контейнерлі терминалдармен байланысы бұл саясаттың аясына
кіреді.
Сонымен қатар, баж салығынсыз аймақта орын алатын принципті талаптарды
қарастырайық.
− шетел инвесторларымен біріккен логистикалық кәсіпорындар келесі қызметтерді атқара
алады - жүктерді тасымалдау, қоймаларда сақтау, тиеу-түсіру, буып-жинактау
жұмыстары, ақпараттық жолдамалар, және жүктерді кіргізу және шығару бойынша
сыртқы сауда келісім шарттарын рәсімдеу бойынша қызметтер;
− біріккен кәсіпорындардың инвесторларының кем дегенде біреуінің халықаралық сауда
және халықаралық жүк тасымалдау сфераларында тәжірибесі болуы қажет;
− шетел инвесторларымен бірігіп құрылған логистикалық кәсіпорындар құрылу кезінде
келесі талаптарды орындауы қажет:
а) жарғылық капиталы 5 млн. АҚШ долларынан кем болмауы тиіс;
б) халықаралық логистика саласында қызмет атқаратын кәсіпорындардағы шетел
қатысушысының үлесі 50%-дан аспауы керек;
в) кәсіпорындардың шаруашылық қызметті атқаратын өз орны болуы шарт;
г) тапсырылған шаруашылық қызметтерді атқару үшін кәсіпорындарда қажетті жабдықтар
және технологиялар болуы қажет.
− құрылған кәсіпорынның қызмет ету мерзімі 20 жылдан аспауы керек, бірақ тиісті
мемлекеттік орғандардың рұқсатымен бұл мерзімді ұзартуға мүмкіндік бар.
Сонымен Қытайда баж салығынсыз аймақтар мен порттардың біріккен моделін ендіру
кеңінен даму үстінде. Бұл модельдің басымды бағыттары қазіргі заманғы ақпараттық
технологияларды ендіру, көлік ағымын автоматтандыру жүйесімен басқару, инновация
мен инвестицияны ынталандыру болып табылады.
Жоғарыда келтірілген порт қызметін жетілдіруге қатысты басқару саясатымен қатар,
халықаралық тәжірибеге сәйкес теңіз порттарын басқару жөнінде бірнеше модель бар.
Негізгі және жалпыға белгілі келесі 4 модель бар.