Page 19 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

19
Қазақстанда белгілі бір критерийлерге сәйкес порттардың шартты түрде жіктелінуі бар:
халық шаруашылығындағы мәні, жүк айналымы, атқаратын қызметіне байланысты
өнеркәсіптің кейбір салалары (таукен, мұнай, ауылшаруашылық және т.б.) бойынша
өнеркәсіптік және жолаушылық болып бөлінеді.
Сонымен қатар, порттар, атқаратын қызметі мен сипатына байланысты үш топқа бөлінеді:
1. Қызметтердің барлық түрі жүргізілетін базалық порттар. Бұл порттарға құзіретіндегі
пароход шаруашылығы мен кемелер жатады. Бұндай порттарда құрғақжүк тасымалы
бойынша 6 млн.тоннадан және төгілмелі жүктен 12 млн. тоннадан кем емес жүк
тасымалын жылына 800 айналымнан кем болмайтын кемелер санымен қамтамасыз етілуі
қажет.
2. Шектеулі қызмет атқаратын порттар, құрғақ жүк тасымалы бойынша 1,5-6 млн.
тоннадан және төгілмелі жүктен 6-12 млн. тоннадан кем емес жүк тасымалын жылына 600
айналымнан кем болмайтын кемелер санымен қамтамасыз етілуі қажет.
3. Өте аз қызмет атқаратын порт. Бұл портта кеме шаруашылығын қалыпты жүргізуге
мүмкіндік шектеулі.
Жоғарыда көрсетілген порттардың модельдері мен атқаратын қызметін ескеретін болсақ,
Қазақстан портының техникалық дамуымен оның экономикалық-әлеуметтік маңызы,
әлемдік көлік ынтымақтастығы қарсаңында өзектілігі артып отыр. Еңбек және материалды
ресурстарды тиімді пайдалану мәні де орасан зор. Портты салыстырмалы түрде алғанда
жоғары еңбек күші мен энергия ауқымына тән сипат орын алады. ол өз алдына
технологиялық процестердің жаңаруын талап етеді.
Демек, теңіз портының қуаттылығы мен маңызды даму кезеңдеріне баса назар аударатын
мәселелер жиынтығы келесідей: өндірістік процестердің кешенді механизациялану
деңгейін және автоматтандыру жағдайын арттыру, техникалық құралдардың сенімді
қызметін жетілдіру, көлік торабтарының үйлесімділігін жақсарту, инновациялы
технологияларды ендіру, жүктерді контейнерлік және пакеттік өңдеуді кеңейту, жеткізу
мерзімін қысқарту және жүктерді сақтаудың жағдайын жетілдіру.
Теңіз портының торабы арқылы өтетін жүк тасқынын жетілдіру осы үдеріске қатынасушы
көліктің барлық түрлерінің теңіз портына және теңіз портынан кері тасымалдауды
үйлестіру көлік нарығының субъектілерінің басты мақсаты болу керек.
Аталған мақсаттың басты мәселесі осы нарыққа қатынасушылардың бытыраңқы қызмет
атқаруы нәтижесінде, жүк иелеріне көрсететін қызмет сапасының төмендеуіне әкеліп
соғады. Демек, порт инфрақұрылымын және әлеуетін дамыту, яғни теміржол
станциялары, автомобиль және өзендердің кірме жолдары, жүктік, қоймалық
терминалдар, контейнерлік жүк сақтау, жүк тасымалдау қызметтерін жетілдіру өндіруші
мен тұтынушы арасындағы діңгек болып табылады.
Көлік магистраліне қатынасушылар арасындағы бәсекелестік факторы белгілі бір
параметрлер шеңберінде қызмет атқарған жағдайда порт жүк тасқынының сапалы жиегіне
жетуі мүмкін. Шартты түрде ол келесі параметрлер жиынтығынан тұрады: жүк жеткізуші
мен қабылдаушы арасындағы көлік шарттары мен әлемдік нарықтағы көлік қызметін және