20
тауар бағасын ескергендегі жүк тасқынын тасымалдауға кеткен жалпы шығындар және
жүру жылдамдығы: -табыстабу мен келісім-шарт міндеттемелерін орындау.
Кез келген порт қызметіндегі ұйымдастырушылық қызметтердің тиімді жақтарын мақсат
тұтатыны белгілі. Сонымен қатар порттың қазіргі әлемдік шаруашылықта тұтынушының
мүддесіне қызмет атқаруы, сенімді инфрақұрылымы бар бәсекелестік қабілеті жоғары
құрылымға айналуы нарық заңдылығы. Демек, порттың бәсекелестік қабілеттілігін
куәландыратын негізгі көрсеткіштер келесідей сипат алады: жүкті жеңілдетілген мерзім
бойынша сақтау, қоймалардың болуы, жүктердің жоғалу және бұзылу үлесі, жыл бойы
үзіліссіз қызметі, дамыған инфрақұрылым (авто-теміржолдар, станциялар), жеткізіп беру
станциясынан портқа дейін немесе порттан қоймаға жүкті толассыз жеткізу деңгейі және
жүкті жеткізудің транзиттік уақыты. Бұл көрсеткіштер порттағы кемелерді әзірлеу
жағдайынан тәуелді болады. Әзірлеу жағдайы жүкті тиеу/түсіру жұмыстарының
қарқындылығына, үлкен тонналы кемелер үшін терең айлақтардың болуы секілді қолайлы
себептерге тәуелді болады.
Порттың әлеуетті қабілеттілігін аталған факторлар арқылы қамтамасыз ету жүк
тасымалының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өткізу мүмкіндігін қомақты пайдалану
порттың жұмыс тиімділігіне сәйкесінше әсерін тигізеді. Демек, порттағы жүк тасымалын
шетел порттарымен салыстырғанда сапалы түрде толассыз өткізуді қадағалау қажет.
Экспортты-импортты қызметпен айналысатын компаниялардың жүк тасымалдауды
ұйымдастыру бойынша қажетті тәжірибелерінің аздығы байқалады және көлік
қызметтерінің сапасын арттыру талаптарының күшею себебінен экспедиторлық
компаниялардың және мультимодальді тасымалдау операторлардың туындауына әсерін
тигізіп отыр.
Көлік шаруашылығының біртұтастығы нарық заңдылығымен қызмет атқаратын
индустриалды дамыған мемлекеттерде жиі кездеседі. Мәселен, Германияның Рура
ауданында темір жол мен теңіз портының біріккен қызметі құрылған. Бір көлік
шаруашылығына теміржол, автомобиль, өзен, теңіз көлігінің техникалық-технологиялық
инфрақұрылымдары бірігіп жұмыс жасайды. Олардың жалпы жүк тасымалының көлемі 50
млн. тоннаға жеткен немесе елдің 18% жүк тасымалының үлесін құраған. Біріккен көлік
шаруашылығының жүк тасымалынан басқа, бір көлік түрінен екінші көлік түріне жүк тиеу
қызметін жасайды, ішкі және сыртқы жүк тасымалының 55 металлургиялық заводтарын
және 2 электрстанцияларын қамтамасыз еткен.
Порттағы жүк тасымалдау қызметінің сапасын арттыру бағыты Ақтау портының даму
бағдарламасында орын алып отыр, яғни теңіз портының базасы мен жергілікті көлік
мекемелерінің біріккен шаруашылығын калыптастыру.
Көлік шаруашылығының біртұтастығы Ақтау портына қатысты келесі тиімділіктерге кол
жеткізуге мүмкіндік береді:
− кәсіпорындар үшін порт коймаларына мұнай өнімдерін, металл және т.б жүк түрлерін
орталықтандырылған түрде жеткізеді;
− аталған жүк тасымалын автомобиль және теміржол көлігі арқылы тұтынушыларға,
сонымен қатар технологиялық желілерге жеткізу;