Page 17 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

17
Сондықтан республикамыздың көлік кешеніндегі құрамдас бөлігі болып табылатын теңіз
көлігінің орнын, маңыздылығын ашып көрсету қажет.
Теңіз көлігі сыртқы экономикалық байланысты қамтамасыз ету мақсатында, алыс
қашықтыққа бағытталған ішкі және сыртқы жүкті тасымалдауда маңызды орын алады.
Теңіз көлігі баска көлік түрлеріне Карағанда техникалық-экономикалық көрсеткіштері
жағынан қолайлы болып есептелінеді, мәселен жүк көтеру қабілеттілігі жоғары, теңіз
жолдары арқылы шектеусіз қатынас, 1 тонна жүк тасымалдауға қажетті шығындардың
салыстырмалы түрде аздығы.
Теңіз көлігі теміржол және автомобильді көлікке қарағанда тиімді және экологиялық
тұрғыда ұтымды. Кездейсоқ жағдайларға салыстырмалы түрде алып қарағанда тәуелділігі
төмен.
Теңіз көлігі тау-кен, көмір, мұнай-ғаз, ауылшаруашылық, алтын өндіру және т.б.
өнеркәсіп салаларының үзіліссіз қызмет жасауын қамтамасыз етіп отырады.
Порт өнімі өз алдына тауар болып саналады, демек тауарға қатысты белгілі бір
құрамымен ерекшеленуі тиіс. Сондықтан теңіз порттарының өнімі мен қызметінің көлемін
өлшеу әдісін қарастыру, өнімінің құнын анықтауға жол ашады. Қазіргі таңда көптеген
экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада теңіз порты өнімінің көлемі
натуралды өлшеммен, яғни жүктің тоннасы арқылы есептелінеді.
Г.Н. Смирновтың пікірінше, теңіз көлік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып теңіз
порттары орын алады. Теңіз порттары келесідей бөлінеді:
− теңіз сауда порты;
− теңіз балық порты;
− арнайы теңіз порты.
Сонымен қатар, М.А. Гнатковтың ойын назарға алсақ, «... көлік торабы болып табылатын
порттың қалыпты қызметі үшін жерүсті көліктерінің түрлерімен байланысты болады
(теміржол, автомобильді). Портқа құрлықтағы көлік ыңғайластырылады, яғни порт
бекетіне және бекетінен құрлықтағы жүк тиеу-түсіру жолдары үйлестіріледі». Демек, жүк
сорттайтын порт бекеттері портқа келетін поездарды қабылдап, одан құрлыққа немесе
әрменқарай теңіз жолымен үзіліссіз қатынаста жүру қызметіне ықпалын тигізеді.
Теңіз портының бұндай қызметінің жалпы көлік жүйесіндегі орны зор. Бұл көліктің түрі
келесі маңызды үш функцияны атқарады:
Біріншіден, елдің теңіз арқылы халықаралық байланысын қамтамасыз етеді. Жүк
тасымалдау жұмыстары шекаралық аймақта республиканың экспорттық және импорттық
жүктерін тасымалдауымен құралады. Оларды жеткізіп беру сыртқы экономикалық
мәмілелер шартына сәйкес қазақстандық жүк тасымалдаушыларының белгілі бір
міндетіне кіреді. Сондықтан, экспорттық жүк тасымалдау СИФ шартымен, ал импорттық
тасымалдау ФОБ шарты арқылы жүргізілетіні белгілі.