16
Көліктің жалпы сипаты сызықты және нақтылы құрылымдардан тұрады. Аталған бірінші
құрылымға теміржол, автомобиль, құбырлы, өзен көліктері жатады, нақтылы құрылымға
теңіз және әуе көліктері кіреді.
Қазақстан Республикасы су көлігі еліміздің көлік-көммуникациялық кешенінің және
жалпы мемлекеттік инфрақұрылымның құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл көліктің құрамдас бөлігі ретінде жекеменшік формасына тәуелсіз кәсіпорындар,
ұйымдар және мекемелер жатады, олар келесідей қызмет түрлерін атқарады:
− жүк және жолаушы тасымалдайды;
− теңіз және өзен порттарындағы жүктерді өңдеу мен көліктік-экспедициялық қызмет
атқарады;
− су жолдары мен кеме шлюздерін пайдалану және ұстау;
− теңіз және кеме флоттарындағы кемелердің классификация мен техникалық
қадағалауын жүргізу;
− ішкі су жолдарында теңізде жүру мен кеме шаруашылығының қауіпсіздігін бақылау;
− көлік және техникалық флотқа, сонымен қатар порт жабдықтарына техникалық қызмет
көрсету, жөндеу және олардың құрылысы;
− су көлігіне мамандар даярлау, көлік процесіне қатысты жұмыстарды атқару.
Қазақстанда өзен көлігінің дамуы шығыста - Ертіс өзені бассейнінде, батыста-Жайық-
Каспий бассейнінде, оңтүстік-шығыста - Балхаш-Іле бассейнінде орын алған.
Өзен көлігінің жалпы жүк тасымалының көлеміндегі үлесі 0,1%-дан кем. Бұндай төмен
үлестің туындаған себебі, республикамыздың шығыс пен батыс территориясынан өтетін
Ертіс пен Жайық өзендеріндегі негізгі кеме жүретін су магистральдары, аймақаралық
қатынастағы жүк тасымалы бағытымен сәйкес келмейді және аймақтағы көлік
магистральдарынан алшақ орналасып, өзен маңындағы құралған жүктерді тасумен
шектелген.
Сонымен қатар, көліктің кез келген түрі тек қана халықаралық немесе ішкі, қалааралық
немесе қала ішіндегі қатынастарды қамтамасыз етумен шектелмейді. Демек, қатынаудың
түріне байланысты өз міндетін атқарып отырады. Теңіз көлігі халықаралық және аймақ
аралық тасымалдауда өз қызметін жасайды.
Көлік саласының дамуы Қазақстан Республикасы экономикалық саясатының басымды
міндеттеріне кіреді. Көліктің тиімді дамуымен экономикалық жүйенің толыққанды қызмет
етуі. Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциясы, елдің әлеуметтік-экономикалық
жағдайының тұрақтылығы тығыз байланысқан.
Көлік саласының маңызды міндеттерінің бірі көлік саласының жаңа белестерде дамуына
бағыттайтын басқарудың тиімді құрылымын іздестіру болып табылады.