Page 15 - Қазақстанның теңіз кқлік әлеуетін дамыту 194 бетn

Basic HTML Version

15
нарыққа келуін қамтамасыз ету. Ал, экономикалық тұрғыда алып қарағанда өндіруші мен
тұтынушы арасындағы уақыт пен кеңістікті бірқалыпқа келтіреді.
Көліктің экономикалық өсімге тигізетін әсері зор. Өнім өндірісінің өсуі шикізаттың көп
мөлшерде, нарықтың ауқымдылығын және тасымалдауды қажет етеді. Сондықтан көлік
ұлттық және әлемдік экономикалық қатынастың байланысына ықпалын тигізеді. Сонымен
қатар, өндірістік қуаттың жүктелуіне, жалпы жүк тасымалының қарқынына әсерін тигізе
отырып, жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Көптеген дамыған мемлекеттерде жалпы ішкі өнімде көліктің үлесі 4-9% мөлшерінде, ал
халықтың жұмысбасты үлесінің 3-8% құрайды. Бұл мәліметтер жеке және ішкі фирмалық
көліктің шығынын құрамайды, демек көлік қызметінің экономикадағы орасан үлесін
көруге болады.
Жалпы көліктің жүйесін көліктің бірнеше түрі қалыптастырады. Көліктің кез келген түрі
жүк және жолаушы тасымалымен айналысады. Көліктің түрі өзара өнімнің сапалы
ерекшеліктерімен, шикізат немесе өндірістің кезеңдері бойынша бөлумен ерекшеленбейді,
ол өз алдына табиғи немесе қолдан жасалған көлік қатынасының жолдары арқылы
ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер географиялықсипат алады.
Қазіргі кезде көліктің алты негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: теміржол, автомобиль,
теңіз, ішкі су қатынасы (өзендік және көлдік), әуе және құбыр көлігі.
Көліктің әр түрі өзінің бірегейлігі мен қайталанбайтын сипатын көрсететін жүйесінің
көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Бұл көрсеткіштер жалпы көліктің барлық түріне қатысты
болуы мүмкін. Шартты түрде оларды келесі топтамаларға жіктеуге болады:
− тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарының көрсеткіштері (жүк және жолаушы
айналымы, жүк пен жолаушыларды тасымалдау көлемі, жүк айналымы, жіберу көлемі,
келу көлемі);
− материалды-техникалық базаның көрсеткіштері (жол қатынасы торабының ұзақтығы,
оның тығыздығы, жүк көтеру мүмкіндігі, белсенді көлік бірліктерінің жалпы
энергетикалық куаттылығы, көлік торабы элементтерінің өткізу және тасымалдау
мүмкіндігі);
− пайдалану жұмыстарының көрсеткіштері (жүкті орташа тасымалдау ұзақтығы, жүкті
жеткізу жылдамдығы, қозғалыс құрамының жүк көтеру мүмкіндігін пайдалану, оның
айналым уақыты, орта тәуліктік жүрісі);
− экономикалық-қаржылық тиімділігінің көрсеткіштері (өзіндік құн, еңбек өнімділігі, қор
қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы, табысы, шығыны, пайдасы, рентабельділігі).
Көлік торабының маңызды сипаттамасы территориялық ұйымдар, яғни әр түрлі
иерархиялық деңгейде торап элементтерінің өзара орналастыру сызбасы болып табылады.
Көліктің ұзақ мерзімді эволюциялы өнімі болып табылатын территориялық ұйымдар,
экономикалық және табиғи-географиялық факторларының әсерінен жол қатынасының
әлеуетті мүмкіндіктерінің көрсеткіші болып табылады.