Page 99 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

99
22
Ертеде: "Кемістік жетіледі, қисық түзеледі, бостық толысады; көне жаңамен ауысады;
аздықты қанағат тұтсаң, молшылыққа кенелесің; көп нәрсеге ие болуға талпыныс
қателікке әкеледі"— дейтін. Сондықтан кемеңгер данышпан Көк Аспан аясында
ұстанатын осы ұлағатты сөзге құлақ салады. Кемеңгер данышпан тек өзі көретіндерге ғана
сүйенбейді, сондықтан анық көре алады; ол тек өзінікін ғана дұрыс деп есептемейді,
сондықтан ақиқатқа жетеді; ол өзін дәріптемейді, сондықтан өзіне лайық даңққа не; ол
өзінің беделін көтермейді, сондықтан басқалардың арасында беделді. Ол ешнәрсеге
қарсыласпайды, сондықтан ол Көк Аспан аясында жеңімпаз. Ежелдегілердің "Кемістік
жетіледі, қисық түзеледі, бостық толысады" деген сөздері бос сөз бе? Олар шыныменен
адамға [шынайы] жетілгендікке жол көрсетеді.
23
Аз сөйлеп, табиғилықты ұстану керек. Жылдам соғатын жел күні бойына созылмайды,
қатты жаңбыр күні бойы жаумайды. Бұның бәрін жасайтын кім? Аспан мен Жер. Тіпті
Аспан мен Жер де, адамды айтпағанда, бір нәрсені мәңгілік етіп жасай алмайды.
Сондықтан ол даоға қызмет етеді. Кім даоға қызмет етсе, сол оған сәйкес. Кім дэға қызмет
етсе, сол дэға сәйкес. Кім жоғалтса, жоғалғанға сай, кім даоға сәйкес болса, сол даоға ие
болады. Кім дэға сәйкес болса, сол дэға ие болады. Кім жоғалғанға сәйкес болса,
жоғалғанды табады. Тек күдік сенімсіздік тудырады.
24
Кім аяғының ұшына көтерілсе, сол ұзақ тұра алмайды. Кім үлкен адымдар жасаса, сол
алысқа бара алмайды. Өзін жарыққа ұстаған жарқырамайды. Өзін мақтаған даңққа жете
алмайды. Шабуылдаған жеңіске жетпейді. Өзін-өзін дәріптеген басқалардың арасында
беделді бола алмайды. Егер даоға сүйенсек, бұл артық ықылас және пайдасыз жүріс-тұрыс
деп аталады. Ондайларды барлық тіршілік иелері жек көреді. Сондықтан даоға ие болған
адам ондай қылықтар жасамайды.
25
Міне, хаоста туған, аспан мен жерден бұрын жаралған зат! О, дыбыссыз! О, кескінсіздік!
Ол өзі жалғыз тұрады және өзгермейді! Барлық жерге әсерін тигізеді және кедергіге
кездеспейді. Оны Көк аспан аясындағы әлемнің анасы деп атауға болады. Мен оның атын
білмеймін. Иероглифпен белгілеп, оны дао деп атаймын; өздігімнен ат бере отырып, оны
ұлы деп атаймын. Ұлылық — ол шексіз қозғалыста. Шексіз қозғалыстағы шекке жетпейді.
Шекке жетпей, ол өз бастамасына қайта оралады. Міне, сондықтан дао — ұлы, аспан —
ұлы, жер — ұлы, мемлекет басшысы да — ұлы. Әлемде төрт ұлылық бар, мемлекет
басшысы да олардың ішіне кіреді.
Адам жердің заңдылықтарын ұстанады. Жер аспанның заңдылықтарын ұстанады. Аспан
даоның заңдылықтарын ұстанады, ал дао өз-өзін ғана ұстанады.
26
Ауырлық жеңілдіктің негізі болады. Тыныштық қозғалыстың негізі болады. Сондықтан
кемеңгер данышпан күні бойы адымдап, ауыр жүгі бар арбадан алыстамайды. Ол тамаша