100
өмір сүрсе де, ол өмірге терең бойламайды. Неліктен он мың арбаның иесі әлемге
менсінбей қарайды? Елемеушілік оның негізін қиратады, ал асығыстық биліктен айырады.
27
Адымдай алатын ізін қалдырмайды. Сөйлей алатын қателік жібермейді. Кімде-кім санай
алса, сол санауыш құралды пайдаланбайды. Кімде-кім есікті жаба алса, сол есікке құлып
алмайды және оны аша алмастай етіп қатты жабады. Кімде-кім түйіншектеп байлай алса,
сол жіпті пайдаланбай, бірақ мықтап шеше алмастай етіп байлай алады, сондықтан кемел
дана адамдарды әрқашан шеберлікпен құтқара алады және оларды тастап кетпейді. Бұл
терең даналық деп аталады. Сөйтіп, қайырымды — қайырымсыздардың ұстазы, ал
қайырымсыздар оның тірегі болып табылады. Егер қайырымсыздар өз ұстазын
бағаламаса, ал қайырымды өз тірегін жақсы көрмесе, онда олар, өздерін зерделіміз деп
есептесе де соқырлыққа душар болғаны. Міне, осы маңыздырақ және тереңірек.
28
Кімде-кім өзінің ержүректілігін біле отырып қарапайымдылықты сақтай алса, сол тау
бұлағына сай, ол елде басты адам болады. Кім елде басты адам болса, сол ешқашан дәні
жоғалтпайды және сәбилікке оралады. Кім думандылықты біле отырып, өзіне тән
әдептілікті сақтай алса, сол басқаларға үлгі бола алады. Кім басқаларға үлгі болса, сол
тұрақты дәнің қасынан алшақтамайды жөне бастапқы қалыпқа оралады. Кім өзінің
даңқтылығын біле отырып өзі үшін белгісіздікті сақтаса, сол елде басты адам болады. Кім
елде басты адам болса, сол тұрақты дәнің кемелдігіне жетеді және табиғилыққа оралады.
Табиғилық ыдыраған кезде, ол кемелденген данышпан қолданатын құралға айналады
және ұлы тәртіп бұзылмайды.
29
Егер кімде-кім елді күшпен бағындырмақ болса, онда, меніңше, ол өз мақсатына жете
алмайды. Ел қол тигізуге болмайтын ғажайып құмыра тәрізді. Егер кімде-кім оған қолын
тигізсе, сол сәтсіздікке ұшырайды. Егер кімде-кім оны қолға түсірсе, сол оны бәрібір
жоғалтады. Сондықтан кейбір тіршілік иелері алға басады, басқалары оның соңынан
ереді; біреулер гүлдейді, біреулер қурайды; біреулер бекінеді, біреулер әлсірейді; біреулер
пайда болады, біреулер қирайды. Сондықтан кемеңгер данышпан қанағатсыздықтан
арылады, байлық пен шашпалықтың көзін жояды.
30
Кім елге дао арқылы қызмет етсе, ол басқа елдерді әскердің күшімен жеңбейді, өйткені
бұл өз басына тууы мүмкін. Әскер жүріп өткен жерде шомырт пен тікенек қана өседі.
Үлкен соғыстардан кейін аштық жылдары басталады. Шебер қолбасшы жеңіске жетеді де,
сонымен тоқтайды және ол зорлық-зомбылық жасауға батылы бармайды. Ол жеңіске
жетеді және өзін мадақтамайды. Ол жеңіске жетеді, өйткені оны оған мәжбүрлейді. Ол
жеңеді, бірақ ол соғысқұмар емес. Күш-қуатқа толы тіршілік иесі қартайған кезді даоның
жоқтығы деп атайды. Даоны ұстанбаған адам өз уақытына жетпей өледі.
31