98
Халыққа өзінің бар екенін ғана білдіретін басқарушы ең жақсы басқарушы болып
табылады. Халықтан өзін жақсы көруді, жоғары көтеруді талап ететін басқарушылар одан
біршама нашарлау. Халық қорқатын басқарушылар одан да нашар, ал халық жек көретін
басқарушылар — бәрінен де жаман. Өйткені сенімге тұрмайтындар [адамдардың] сеніміне
ие бола алмайды. Сөзі парасатты және ұстамды адам ісін табыспен жасайды және халық
оны табиғилықты ұстанады деп атайды.
18
Ұлы даоны жойған кезде, "адамсүйгіштік" пен "әділеттілік" пайда болады. Алты туысқан
ұрыс-керіспен өмір сүрсе, онда "ұлдың қошаметі" және "әкенің махаббаты" пайда болады.
Мемлекетті бейберекеттік жаулап алса, ондай мемлекетте "берілген қызметкерлер"
шығады.
19
Данышпандық пен білімділік жойылған кезде халық жүз есе бақыттырақ болады;
адамсүйгіштік пен әділеттілік жойылған кезде халық ұлдың қошаметі мен әкенің
махаббатына оралады; қулық пен пайдакүнемдік жойылған кезде ұрылар мен қарақшылар
жоғалады. Осы үш нәрсенің бәрі білімнің жеткіліксіздігінен [пайда болады]. Сондықтан
олар адамдарды қарапайымдылыққа және сыпайылыққа, жеке басының тілектерін
азайтуға, құмарлықтан арылуға үйретуі керек.
20
Білімділік жойылған кезде қайғы да болмайды. Уәде беру мен жарамсақтықтың арасы
түкке тұрмас, ал қайырымдылық пен зұлымдықтың арасы қаншалықты зор! Адамдар
неден қорықса, содан аулақ жүруі керек.
О! [Әлем] қандай ретсіз, әлі күнге дейін тәртіп орнатылмаған. Барлық адамдар салтанатты
тойда отырғандай немесе көктемнің келуін тойлап жатқандай қуанышты. Тек мен ғана
жайбарақатпын және өзімді жарық әлемге көрсетіп отырған жоқпын. Мен бұл әлемге
келмеген нәресте тәріздімін. О! Мен ұшып келемін! Меніңше, тоқтауға болатын жер жоқ
сияқты. Барлық адамдардың арман тілегі бар, тек мен ғана барлығынан бас тартқан адам
сияқтымын. Мен — ақымақ адамның жүрегімін. О, ол қандай бос! Барлық адамдар
жарыққа толы. Тек мен ғана қараңғыға батырылған адам тәріздімін. Барлық адамдар
ынтызар, тек мен ғана немқұрайлымын. Мен әлем кеңістігінде шапқылап, қайда тоқтарын
білмей жүрген адам тәріздімін. Барлық адамдар өз қабілеттіліктерін көрсетеді, тек мен
ғана ақымаққа және төмен адамға ұқсаймын. Тек мен ғана басқалардан ас-ауқаттың
негізін көретіндігімнен ерекшеленемін.
21
Ұлы дәнің мағынасы тек даоға бағынады. Дао тәнсіз. Дао бұлыңғыр және екі ұшты. Бірақ
оның бұлыңғырлығы мен екі ұштылығында бейнелер бар. Ол бұлыңғыр және белгісіз.
Бірақ оның бұлыңғырлығы мен белгісіздігінде заттар жасырылған. Ол терең және
қараңғы. Бірақ оның тереңдігінде, қараңғылығында өте ұсақ нәрселер жасырылған. Бұл
кішкентай заттар жоғарғы шындық пен анықтыққа ие. Ежелден қазіргі дәуірге дейін оның
аты өшпейді. Тек соның жолын ұстана отырып, барлық заттардың бастауын тануға
болады. Біз қалай барлық заттардың бастауын тани аламыз? Тек соның арқасында.