97
даңққа қорқынышпен ие болады және одан қорқынышпен айрылады деген сөз. Міне, осы
даңқ пен масқаралық қорқынышқа ұқсайды дегенді білдіреді.
Атақтылық өмірдегі үлкен бақытсыздық сияқты деген нені білдіреді? Бүл мен өзімді өзім
[қадір тұтқандықтан] үлкен бақытсыздыққа иемін дегенді білдіреді. Мен өзімді өзім қадір
тұтпаған кезде бақытсыз болмаймын. Сондықтан ақсүйек адам, адамдарға жан аямай
қызмет ете отырып, олардың арасында өмір сүре алады. Адамгершілігі жоғары адам,
адамдарға жан аямай қызмет ете отырып, олардың арасында бола алады.
14
Оған қарап тұрып, көрмеймін, сондықтан оны көзге көрінбес деп атаймын. Оны тыңдай
отырып, естімеймін, сондықтан оны дыбыссыз деп атаймын. Оны ұстамақ боламын да,
жете алмаймын, сондықтан оны өте ұсақ деп атаймын. Оның қайнар көзі туралы білуге
талпынудың қажеті жоқ, өйткені ол біртүтас. Оның жоғарғы жағы жарықтанбаған, төменгі
жағы қараңғыланбаған. Ол шексіз және атауы жоқ. Ол қайтадан бей болмысқа оралады.
Міне оны формасыз форма, мәнсіз бейне деп атайды. Сондықтан оны түсініксіз және
тұманды деп атайды. Онымен кездесемін де, бетін көрмеймін, оның соңынан еремін де,
оның арқасын көрмеймін. Өмір сүретін заттарға ие болу үшін ежелгі даоны ұстана
отырып, ежелгі бастауды білуге болады. Бұл даоның принципі деп аталады.
15
Ертеде, кім білімге қабілетті болса, сол өте ұсақ жөне өте жіңішке [заттарды] білген. Бірақ
басқаларға олардың тереңдігі белгісіз. Олар белгісіз болғандықтан, [мен] оларға ерікті
түрде сипаттама беремін: олар қыстың күні ағынды судан өткендегідей жасқаншақ болған;
өз көршілерінен қорқатын сияқты именшек болған; қонақтар сияқты маңызды болған;
олар еріп жатқан мұздың үстінен өтіп бара жатқандай, абай болған; олар тазартылып
дайындалмаған ағаш сияқты қарапайым болған; олар алқап сияқты кең байтақ болған;
олар түк көрінбейтін лай су сияқты болған. Олар, тыныштық сақтай отырып, ласты тазаға
айналдыра алатын. Олар, өздерінің шеберлігімен мәңгі қозғалысты баяулата отырып,
өмірге жәрдемдесетін. Олар даоны ұстанған және көп нәрсені қажет етпеген. Көпті қажет
етпей, олар бар нәрсені қанағат тұтқан және жаңадан ешнәрсе жасамаған.
16
Тыныштықты сақтай отырып, [өз жүрегіңді] барынша батылдандыру қажет, сонда барлық
заттар өз-өздігінен өзгеріп отырады, ал бізге тек олардың қайта айналып келуін бақылау
ғана қалады. [Әлем] көп түрлі заттарға толы, бірақ [олардың барлығы] оз бастауына қайта
оралады. Бастауға қайта оралу тыныштық деп аталады, ал тыныштық мәнге оралу деп
аталады. Мәнге қайта оралу тұрақтылық деп аталады. Тұрақтылықты білу [айқындылыққа
жету] деп аталады, ал тұрақтылықты білмеген ретсіздікке, [ақырында] зұлымдыққа
әкеледі. Білгір адам ылғи кемелдікке жетеді; кімде-кім кемелдікке жетсе, сол әділ болады;
кімде-кім әділдікке ие болса, сол патша болады. Патша болған адам аспанға табынады.
Аспанға табынған, даоны ұстанады. Кімде-кім даоны ұстанса, ол — мәңгі жөне өмірінің
соңғы күніне дейін [ондай патша] қауіп-қатерге ұшырамайды.
17