96
Жоғарғы қайырымдылық су сияқты. Су барлық тіршілікке пайдасын тигізеді және
[олармен] күреспейді. Ол адамдар оның болуын қаламаған жерден табылады. Сондықтан
ол даоға ұқсайды. [Жоғарғы қайырымдылыққа ие адам су сияқты] жерге жақын орналасуы
қажет; оның жүрегі ішкі сезімдеріне бағынуы керек; адамдармен ара қатынаста ол жылы
шырайлы болуы керек; сөйлегенде адал болуы керек; [елді] басқаруда жүйелі болуы
керек; іс-әрекетті өз мүмкіндігіне сай жасауы керек; әрекет жасағанда уақытын есепке
алуы керек. [Ол] су сияқты, заттармен күреске түспегендіктен, қателік те жібермейді.
9
Ең жақсысы — бір нәрсені толтыруға талпынғаннан гөрі, ешнәрсе жасамау. Егер ылғи бір
өткір нәрсені қолдана берсе, ол өзінің өткірлігін ұзақ уақыт сақтай алмайды. Егер зал
алтын мен яшмаға толтырылған болса, оны сақтап қалуға ешкімнің шамасы келмейді.
Егер байлар мен атақтылар дандайсушылық танытса, олар өздеріне бақытсыздық
шақырады. Ісі аяқталған кезде адам аулақ кетуі [керек]. Көктегі даоның заңы осындай.
10
Егер жан мен тән бірлікте болса, оны сақтап қалуға бола ма? Егер рухты жұмсартса [жаңа
туған нәресте] сияқты жайдарлы болуға бола ма? Егер сыртқы көз таза болса, онда
қателесу мүмкін бе? Данышпандыққа жүгінбей, халықты сүйіп, елді басқаруға бола ма?
Жұмсақтыққа сай жүрсе, табиғатта өзгерістер мүмкін бе? Егер табиғаттағы барлық өзара
қатынастарды танып білсе, әрекетсіздікке жету мүмкін бе?
[Мәнді] жасау және тәрбиелеу; жасай отырып [жасалған нәрсеге] ие болмау, қозғалысқа
түсіре отырып, оған ешқандай күш салмаса; басқара отырып, өзін әміршімін деп санамаса
— міне, осы терең дэ деп аталады.
11
Отыз сым шабақ бір күпшекке жинақтала отырып, [доңғалақты құрайды], бірақ
доңғалақтың айналуы [сым шабақтардың] арасындағы бос кеңістікке байланысты. Саз
балшықтан сауыттар жасайды, бірақ сауыттардың қолданылуы олардың ортасындағы бос
қуысқа байланысты. Үй салу үшін есіктер мен терезелер ояды, бірақ үйді пайдалану оның
ішіндегі кеңістікке байланысты. Міне, сондықтан [кез келген нәрсенің] пайдалылығы
ондағы бар кеңістікке байланысты.
12
Бес бояу көруді нашарлатады. Бес дыбыс естуді нашарлатады. Бес дом сезушілік дәмді
нашарлатады. Жылдам жүріс пен аңшылық жүректі қобалжытады. Бағалы заттар адамды
қылмыс жасауға итермелейді. Сондықтан кемеңгер данышпан өмірді толымды етуге
тырысады, бірақ оны әдемі заттарға не болу үшін жасамайды. Ол соңғыдан бас тартады
және алғашқымен шектеледі.
13
Даңқ пен масқаралық қорқыныш сияқты. Атақтылық өмірдегі үлкен бақытсыздыққа сай.
Даңқ пен масқаралық қорқыныш сияқты деген нені білдіреді? Ол төменде тұрған адамдар