95
зұлымдық пайда болады. Сондықтан болмыс пен бей болмыс бір-бірін тудырады,
қиындық пен жеңілдік бірін-бірі жасайды, ұзын мен қысқа өзара қатынаста болады, биік
пен қысқа өзара анықталады, дыбыстар, қосыла отырып, үйлесімділікке келеді, алдыңғы
мен кейінгі бірінен соң бірі жүріп отырады. Сондықтан кемеңгер данышпан, іс жасай
отырып, әрекетсіздікті қалайды; ілім жасай отырып, сөзге жүгінбейді; заттарды өзгеріске
түсіре отырып, оған күш жұмсамайды; [бір нәрсені] жетістікпен аяқтай отырып
мақтанбайды. Ол мақтанбағандықтан, оның сіңірген еңбегі жерде қалмайды.
3
Егер данышпандарды құрметтемесе, халық ішінде ұрыс-керіс болмайды.Егер аз кездесетін
заттарды бағаламаса, халық ішінде ұрылар болмайды. Егер қызғаныш тудыратын
нәрселерді көрсетпесе, халықтың жүрегі қобалжымайды. Сондықтан [елді] басқара
отырып, кемеңгер данышпан [бағыныштылардың] жүректерін бос, ал асқазандарын тоқ
ұстайды. [Оның басқаруы] олардың жігерін әлсіретеді және сүйектерін бекітеді. Ол ылғи
халықта білім мен құмарлықтарды болдырмауға, ал білімділердің іс-әрекетке бармауына
талпынады. Әрекетсіздікті іске асыру әрқашан жанға жайлылық әкеледі.
4
Дао бос, бірақ қолданыста сарқылмайды. О, тереңдік! Ол барлық заттардың бабасы
сияқты. Егер оның көрегендігінен айырса, хаостығынан босатса, жарқырауын азайтса, бір
түйір ғып жіберсе, онда ол анық өмір сүруші болып көрінеді. Мен оның кімнің туындысы
екенін білмеймін, [мен тек] аспан әміршісінің алдында [екенін ғана білемін].
5
Аспан мен жерде адамсүйгіштік қасиет жоқ және олар барлық тіршілік иелеріне өз
жолымен өмір сүруіне мүмкіндік береді. Кемеңгер данышпанда адамсүйгіштік қасиет жоқ
және ол халыққа өз өміріне өздері иелік етуіне мүмкіндік береді. Аспан мен Жердің
арасындағы кеңістік ұстаның көрігіне ұқсайтыны рас емес пе? [Онда] бос кеңістік
қаншалықты коп болса, соншалықты [ол] әрекет жасайды, [оның] қозғалысы қаншалықты
күшті болса, соншалықты [жел] де қатты соғады. Кім көп сөйлесе, сол жиі сәтсіздікке
ұшырайды, сондықтан ең жақсысы — әр нәрсенің орнын білу.
6
Көзге көрінбес [даоның] өзгерісі шексіз. [Дао] — туылудың терең қақпасы. Туылудың
терең қақпасы — аспан мен жердің тамыры. [Ол] таусылмас жіп тәрізді [мәңгі] өмір
сүреді, оның әрекеті де таусылмайды.
7
Аспан мен жер — мәңгілік. Аспан мен жер өздері үшін өмір сүрмегендіктен мәңгілік.
Міне, неліктен олардың мәңгілік бола алатындығы осыдан. Сондықтан кемеңгер
данышпан өзін басқалардың соңына қояды, соның арқасында ол ең алдында тұрады. Ол өз
өмірін елемейді, сол арқылы оның өмірі сақталады. Бұл оның жеке [қызығушылықтарын]
елемеуінен болып отырған жоқ па? Керісінше, [ол] жеке өзінің [қызығушылықтарына] сай
[әрекет жасайды].
8