Page 94 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

94
Егер жоғарыда түсіндірілгендердің мәнін, ретін және олардың дәрежелерінің
айырмашылықтарын дұрыс түсіне отырып, алаңсыз тыныш күйді жетілдіретін болсақ,
онда мүлтіксіз медитациялық тоғысуды ешқандай қиындықсыз - ақ шамамен бір жыл
бұрын қалыптастыруға болады.
Алаңсыз тыныш күй тақырыбы жоғарыда жалпы алғанда барлық объектілерге қатысты
баяндалған. Жекелеп алғанда, егер объект ретінде сананың өзін ала отырып, алаңсыз
тыныш күйді дамытатын болса, қосымша артықшылықтарын табуға болады. Біз өз
санамызды танып білеміз. Сана да кеңістік тәріздес бос, форма немесе бейнеге қарағанда
ол ешқандай физикалық сапаға ие болмайды. Сана ол — өзінің алдында тұратын
объектінің кез-келген аспектілерін жәй ғана анық та айқын қабылдайтын қандайда бір
құбылыс. Сонымен сананың не екенін анықтай отырып, тоғыз күйге, бес қателікті жоюға,
сегіз қарсы шараны қолдануға және т.с.с. өтуге болады, ол жоғарыда жалпы объектілерді
қарастырған кезде түсіндірілді. Алаңсыз тыныш күй осылайша дамытылады.
Бұл жерде алаңсыз тыныш күйдің элементтері Майтреи мен Асангидің өсиетінде барынша
ықшамдалып баяндалған түрінде жәй ғана атап көрсетілді. Ақыл мен тән билігіне
бағыныңқылыққа ие болғаннан кейінгі жердегі алаңсыз тыныш күйдің өлшемі мызғымас
бағыныңқылық болып табылады, яки объектіде тоғыстырылған сананы сақтап қалу
қабілеті. Міне, сонда ғана формалар әлеміне жататын, "бірінші медитацияның" дайындық
кезеңіне енетін шынайы алаңсыз тыныштық күйге қол жеткізіледі (1). Алаңсыз тыныштық
күйге қол жеткізген соң сана икемге көнетін болады да қандайда бір игі объект немесе
ойға бағыттамаңыз сонда айырылмастай тұрақтап қалады. Осының арқасында сананың
игеру қабілеті төтенше арта түседі.
(Буддизм. М.: "Эксмо", Харьков, "Фолио",
2002, с. 83-87, 90-91, 93-97.)
ЛАО-ЦЗЫ
ДАО ДЭ ЦЗИН
Бірінші кітап
1
Сөзбен айтуға болатын Дао, тұрақты дао емес. Айтуға болатын есім, тұрақты есім емес.
Атаусыздық — аспан мен жердің барлық заттардың анасы деген атқа ие бастауы.
Сондықтан құмарлықтан ада адам ғана [даоның] ғажайып құпиясын көреді, ал кімде-кім
құмарлыққа бой ұсынса, ол адам оның соңғы формасын ғана көреді. Олардың екеуі де бір
нәрседен жаралған, бірақ атаулары өзгеше. Бірге олар тереңдік деп аталады. Бір
тереңдіктен екіншіге [өту] — барлық ғажайыптың есігі.
2
Аспан астындағылардың барлығы тамашаның тамаша екенін білген кезде ұсқынсыздық
пайда болады. Барлығы қайырымдылықтың қайырымдылық екенін түсінген кезде,