Page 93 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

93
4. Ақыл мен тәннің билікке көнуі: күш салудың салдары.
Ұмытшақтыққа қарсы шара:
5. Ықыластылық: объектіге көңіл аударушылықты үнемі сақтау.
Ұйқышылдық пен қызығушылыққа қарсы шара:
6. Қырағылық: ұйқышылдық немесе қызығушылық пайда болғанын немесе пайда
болатынын бірден байқау.
Қолданбауға қарсы шара:
7. Қолдану: ұйқышылдыққа немесе қызығушылыққа қарсы шараны пайдалану.
Шектен тыс қолдануға қарсы шара:
8. Қолдануда сабырлық сақтау: өз күш салуын бәсеңдету.
Сегіз қарсы шараларды қолдану барысында бес қателік бірте-бірте жойылады және адам
зейін қоюдың тоғыз күйін бастан кешіреді:
1. Сананы орнықтыру: сананы жинақтау және оны ішкі объектіге бағыттау (мысалы,
Будданың көрнектелген бейнесіне).
2. Жалғасқан орнықтыру: объектіге зейін қоюды алғашқы күйдегіге қарағанда ұзақ
уақытқа созу.
3. Қайта қалыптастыру: дерексізденгендерді дереу анықтап тану және объектіге қайта
оралу.
4. Күшейтіп орнықтыру: медитация объектісінің басты аспектілеріне зейін қоюдан
объектінің қосалқы белгілеріне сананы одан да жоғары және біршама тұрақты
орнықтыруға көшу үшін сананы жинақтау.
5. Тәртіпке келтіру: медитациялық тоғысуды беретін игі қасиеттерді қабылдау және
олардан ләззат ала білу.
6. Тыныштық: медитациялық тоғысуға деген теріс көзқарасты тыю.
7. Толық тыныштық: тіпті жеңіл-желпі ұйқышылдық пен қызығушылық бас көтерген
жағдайда олар күш салудың көмегімен жойылады.
8. Айырылмастық: медитациялық тоғысу тұрақты, сондықтан бүл процесті ешқандай
жағымсыз құбылыстар үзе алмайды.
9. Табиғилық: объектідегі белгілеп алу (фиксация) ешқандай күш салусыз, өздігінен жүріп
отырады.
Медитациялық тоғысудың бұл тоғыз күйіне алты күштің көмегімен жетуге болады.
Бірінші күйге — тыңдаудың күшімен, екіншісіне — ойлаудың күшімен, үшіншісі мен
төртіншісіне — ықыластылықтың күшімен, бесінші мен алтыншысына — сананың
күшімен, жетінші мен сегізіншісіне — күш салудың көмегімен, тоғызыншысына —
таныстықтың күшімен жетуге болады.
Тоғысудың тоғыз күйіне сана соның көмегімен өз объектісіне ие болатын ақыл әрекетінің
төрт түрі жауап береді.
1. Мәжбүрлі белгілеп алу (фиксация): тоғысудың бірінші және екінші күйі кезінде сана
күш салудың арқасында концентрация объектісінде белгіленеді.
2. Үзілетінді белгілеп алу (фиксация): үшіншіден жетінші күйге дейін тоғысу
жаңғалақтықпен кезектесіп отырады.
3. Тұрақты белгілеп алу (фиксация): сегізінші күй кезінде сана объектіде ажырамастай
бекіп алуға қабілетті болады.
4. Өзін-өзі сүйемелдейтінді белгілеп алу (фиксация): тоғызыншы күй кезінде сана
объектіде өзінен-өзі бекиді.