Page 92 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

92
МЕДИТАЦИЯЛЫҚ ТОҒЫСУДЫҢ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ПРАКТИКАСЫ
Енді сананың объектіге бірбағытты шоғырлануы болып саналатын медитациялық тоғысу
жаттығуларында жетістіктерге қалай жетуге болатынын қарастырайық.
Медитациялық тоғысудың көптеген түрлері бар. Бұл жерде біз алаңсыз тыныш күйді
(шаматха) түсіндіреміз. Алаңсыз тыныш күйдің мәні — бұл сананы белгілі бір объектіде
алаңсыз, ақыл мен тәннің билігі астындағы рахатпен бірігу жағдайында ұстап тұру. Егер
бүл Пана табумен қатар жүретін болса, онда ол буддалық тәжірибе, ал егер ол барлық тірі
жаратылыстың игілігі үшін ең жоғарғы рухани көзі ашықтылыққа ұмтылыспен
толықтырылса, онда ол махаяна тәжірибесі. Алаңсыз тыныш күйге қол жеткізген
жағдайда сана мен тән қуанышпен және рахатпен жете ұғыну күйінде болады; ақыл мен
тән билігінің астында болудың арқасында сананы оз қалауы бойынша кез-келген игі
объектіге бағыттау мүмкіндігіне жетуге болады екен; соның барысында көріпкелдік және
эманация сияқты көптеген ерекше қасиеттерге ие болады, оның керемет қасиеті, міне,
сонда.
Алаңсыз тыныш күйдің басты мақсаты мен артықшылығы сонда, оның көмегімен бос
кеңістік жете түсінілетін және сонымен бірге болмыс айналымынан арылатын ерекше
түсіну (випашьян) жағдайына қол жеткізуге болады. Одан бөлек үш шеңбердің (хинаян,
махаян және тантраян) басқа да құнды жағы, сондай-ақ, кеп жағдайда алаңсыз тыныш
қалыптың арқасында пайда болады. Ол көптеген игіліктерді алып келеді.
Алаңсыз тыныш күйге қол жеткізу үшін төмендегідей жағдайлар қажет. Тәжірибе орны
тыныш, шусыз болуы қажет, өйткені тоғысу үшін шу — қадалған тікенек тәріздес болып
келеді және орын да, су да оған сай болуы керек. Медитация жасаушының өзі кірпияз
болмай, қанағатшылдық жағдайға келіп, тіршілік күйбеңі мен ұсақ-түйегінен ада болуы
керек, физикалық жаман әрекеттерден және тілдегі жағымсыз сөздерден аулақ болуы
қажет. Тыңдау және ойлау арқылы ол медитация пәні туралы жалған түсініктерді жоюы
керек; құмарлықтың қаншама жамандыққа апаратыны туралы, тұрақсыздықтың мәні
туралы қалай ойлау керектігін және с.с. ол білуі қажет.
Алаңсыз тыныш күйдің шынайы тәжірибесі жөнінде Майтрея "Ортаңғы Жол мен шектен
шығушылықтарды ажырата білу"(Мадхьянтавибханга) туралы ой толғауында айтылады:
Оның пайда болуының себебі — бес қателіктен арылу және сегіз қарсы шараны қолдану.
Арылу керек болатын бес қателік:
1. Еріншектік: медиациялық тоғысумен айналысуды қаламау.
2. Ұмытшақтық: медитация объектісін есте сақтай алмау.
3. Ұйқышылдық пен қызығушылық (жаңғалақтық): медиациялық тоғысуды үзу.
4. Қарсы шараны қолданбау: ұйқышылдыққа және қызығушылыққа әкеледі.
5. Шамадан тыс қолдану: ұйқышылдық пен қызығушылық жойылса да қарсы шараны
қолдануды жалғастыру.
Сегіз қарсы шара — бұл бес қателікті алып тастаудың құралы. Еріншектікке қарсы шара:
1. Сенім: медитациялық тоғысуға әкелетін игі қасиеттерді көру.
2. Шабыт: сол игі қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылу.
3. Күш салу: медитациялық тоғысу ісінен ләззат алу.