Page 91 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

91
Барлық құбылыстар әйтеуір қандайда бір жағдаймен бір-біріне тәуелді: олар не пайда
болады, өзгереді, белгілі бір себептерге байланысты тіршілігін тоқтатады, не болмаса
ағымға тәуелді болады, не болмаса өздерін құрайтын бөліктерге тәуелді болып келеді
және с.с. Олар қандай да бір тәуелді құбылыс қатарына жатпады, бірақ олар тек басқа
құбылыстарға тәуелді болып қана өмір сүреді. Бірде-бір құбылыс өз бетінше өмір сүре
алмайды. Сондықтан олар бос болып келеді, яғни олар өзіндік мән болмысынан айрылған.
Дейтұрғанмен барлық іскерлер, әрекеттер және объектілер шартты түрде ақиқат болып
табылады. Қысқаша айтқанда, құбылыстар өзіндік мән болмысынан айрылған
болғандықтан, олар бірде бір түрге, бірде келесі түрге ауысып өзгеріп отырады, ал
құбылыстар шартты түрде өмір сүретін болғандықтан, жақсы да, жаман да, пайдалы да,
зиян да болады.
АДАМГЕРШІЛІКТІҢ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ТӘЖІРИБЕСІ
Адамгершілік тәжірибесінің формасының көп болғанымен, бірақ олардың барлығының
негізінде он жаман іс-әрекеттерден аулақ болу этикасы жатыр. Он жаман іс-әрекеттердің
үшеуі — тән іс-әрекетіне, төртеуі — сөйлеу іс-әрекетіне, үшеуі — ақыл іс-әрекетіне
қатысты болады.
Үш физикалық жамандықтың мәні:
1. Тірі жаратылысты өмір сүруден айыру: тірі жәндіктерді өлтіруден бастап адамды
өлтіруге дейін.
2. Ұрлық: мүліктің құндылығына қарамастан немесе әрекет өз бетінше немесе басқа
біреудің көмегімен істелгеніне қарамастан бөтен адамның мүлкін оның келісімінсіз
иемденіп алу.
3. Жыныстық іс-әрекет: азғындық. Сөйлеу әрекетінің төрт жамандығы:
4. Жалған: өзгелерді сөзбен немесе іспен алдау.
5. Ащы тіл: жақсы қарым-қатынастағы адамдар арасына іріткі салып, ұрыс туғызу,
ұрыстыру немесе онысыз да ушығып тұрған жағдайды күшейтіп жіберу.
6. Дөрекілік: өзгелердің намысына тию.
7. Бос сөзділік: қалаудың және басқа да зұлымдықтың ықпалымен ақымақтың сөзін айту.
Ақыл әрекетінің үш жамандығы:
8. Күншілдік: біреудің затына көз сатып қарау, ол менікі болса екен деп қалау.
9. Зұлым ниет: үлкенді-кішілі біреуге зиян келтіруді ойлау.
10. Жалған көзқарастар: өмір сүрмейтінді өмір сүреді деп елестету, мысалы, қайта туылу,
себеп-салдарлық байланыс немесе Үш Бағалы заттар.
Осы он жаман әрекеттерге қарсы он игі іс-әрекеттер бар; оларды ұстану адамгершілік
практикасы деп аталады.