90
жиынтықтар болмаған жағдайда, ол — "қалдықсыз" нирвана. "Қалдықсыз" деген ұғым
күңгірт және зұлымдық әрекеттер тудырған психо-физикалық жиынтықтың
қалмағандығын білдіреді, алайда сана ағымы және ластанбаған психо-физикалық
жиынтықтар ағымы өмір сүреді.
Себептердің жойылуы күңгірттенген жиынтықтардың жойылуына алып келеді, ал олардан
азат болу соған байланысты күйзелістің жойылуына алып келеді. Азат болу деген міне,
осындай, оның екі түрлі болуы мүмкін: күйзелістің барлық формаларын және олардың
қайнар көздерін жоюды құрайтын қарапайым азат ету әрі ұлы, мызғымас азат ету, Будда
қалпы. Біріншісі — бұл болмыс айналымынан азат болу жолындағы зұлымдықпен
байланысты болған барлық кедергілерді жою, бірақ ол барлық таным объектілерін тікелей
игеру кедергілерін жоюды білдірмейді. Екіншісі — бүл зұлымдықты, сондай-ақ, бәрін
көру қабілетіне жетудегі кедергілерді толық жоюдың ең жоғарғы сатысы.
ҚОС АҚИҚАТ
Жоғарыда көрсетілген жолдардың ішіндегі, Жоғарғы жолдар — бұл ақиқат жолдар,
қалғандары оған барар амал болып табылады. Барлық жолдар тәсілдер мен даналық
шеңберіне енген. Ал әдістер мен даналық өз кезегінде қос ақиқатқа байланысты.
Нагарджунаның "Даналық" деп аталатын негізгі мәтінде" (Праджня-нама-мула-мадхья-
макакарика, XXIV. 8) былай делінген:
"Будда баяндаған ілімдер,
Негізінен қос ақиқатқа негізделген:
Шартты ақиқатқа (дүнияуи)
Және абсолютті ақиқатқа (жоғарғы).
"Нәтиже деңгейінде" Ақиқат Тәніне (дхарамакая) және Форма Тәніне (рупакая) қол
жеткізу, яғни Будда қалпына қол жеткізу сол жолдағы тәсілдер мен даналық тәжірибесіне
байланысты. Тәсіл пен даналық өз кезегінде негіздің немесе базистің (тәжірибенің)
тіршілік ету тәсілі болып табылатын екі ақиқатқа байланысты. Сондықтан қос ақиқатты
түсінудің маңызы өте зор, ал бұл өте күрделі тақырып. Буддалық мектептер арасындағы
догмалардағы көптеген айырмашылықтар осы қос ақиқатты түрліше тәпсірлеуден келіп
туындаған.
Бұл тұста Прасангика-Мадхьямика жүйесіне сәйкес екі ақиқат туралы бір-екі ауыз сөз
айта кету керек. Біз қабылдайтын барлық құбылыстардың өмір сүруінің екі әдісі бар.
Біріншісі — бұл құбылыстардың номинальды немесе шартты түрдегі тіршілігі, ал екіншісі
— бұл олардың өмір сүруінің ең жоғарғы әдісі, бос кеңістік, яғни оның өз болмысының
болмауы. Басқа саладан мысал келтірейік: мәселен, қалам, айталық, бірден көзге көрінетін
өмір сүрудің қарапайым формасына ие болған, ал сонымен бірге, атомдар жинағы ретінде
көзге көрінбейтін тіршілік формасына да ие болған.
Бұл екеуінің әрқайсысы нені білдіреді: "абсолютті ақиқат" және "шартты ақиқат". Қысқа
айтсақ, тұрпайы жақындау тұрғысынан алғанда, абсолютті ақиқат — бұл таным
объектісінің жоғарғы табиғатын танушы субъектісінің қатесіз игеруі. Ал салыстырмалы
немесе шартты ақиқат — бұл субъектінің объекттің салыстырмалы табиғи көріністерін
игеруі. Сонымен, бос кеңістік пен ақиқи тоғысулар абсолютті ақиқаттың түп мәні, ал
қалғандары, дейтұрғанмен — шартты ақиқат.