89
саналмайды. Алайда сананың зұлымдық жасайтын қандай да бір факторлары көрініс
табатын болса, онда негізгі сана оның ықпалына түсіп қалады, оның зұлымдығының
жетегінде кетеді де жаман қылықтарды жинайды.
Зұлымдықтың сансыз коп түрі өмір сүреді, бірақ олардың негізгілері, ол — эгоистік
қалаулар, қастық, тәкаппарлық, жалған көзқарастар жөне т.б. Олардың ішіндегі ең
бастысы — қалау мен қастық. Қастық адамның әуел бастан өзіне-өзінің жақын болуынан
пайда болады және ол оған бір нәрсе ұнамаған кезде көрініс табады. Сонан соң адамның
өзіне-өзі тұйықталып қалуынан тәкаппарлық пайда болады да адам өзін басқалардан
жоғары санайды. Дәл сол сияқты, біз бір нәрсені білмеген кезде, бұл объект өмір сүрмейді
дейтін жалған көзқарас пайда болады.
Адамның өзіне-өзінің жақындығы және барлық сол сияқты құбылыстар неге сонша ұлы
күшпен пайда болады? Олар ешқандай алғашқы себепке негізделмейтін, тек өзінің
"меніне" сүйенетін сананың күшімен пайда болады. Бүл "мен" деген жалған концепция
заттардың түп мәні туралы білімнің болмауынан туындайды. Барлық объектілердің түп
мәндік болмысы болмайды дейтін жағдай шындыққа сәйкес келмейді, ал заттар тәуелсіз
реалдылыққа ие болатын сияқты, осыдан барып та адамның өз "менінің" маңыздылығы
туралы түсінік туындайды. Олай болса, құбылыстар тәуелсіз реалдылыққа ие болады
дейтін концепция беймәлім болуды білдіретін зұлымдық болып табылады әрі ол басқа да
барлық зұлымдықтардың түп тамыры болып есептеледі.
ӘРЕКЕТТЕР
Табиғаты тұрғысынан алғанда әрекеттердің екі түрі болады: ниет ету және жүзеге асыру.
Ниет ету физикалық немесе сөйлеу әрекетінен бұрын болады және әрекет етуге импульс
беретін сана факторы болып табылады. Жүзеге асыру, ол — ниетті іске асыру барысында
жүріп отыратын физикалық немесе сөйлеу әрекеті.
Туғызатын салдары тұрғысынан алғанда әрекеттердің үш түрі болады: абырой беретін,
абырой бермейтін және мызғымастық қасиет беретін. Абырой беретін әрекет бақытты
болып қайта туылу салдарын әкеледі: адам, жартылай құдай жөне құдай кейпіндегі өмір.
Абырой бермейтін әрекет жаман болып қайта жаратылу салдарын әкеледі: мақлұқтар, аш
рухтар және тозақ азабын шегушілер кейпіндегі өмір. Мызғымастық қасиет беретін әрекет
жоғарғы әлемге, яғни форма әлеміне және формасыздық әлеміне көтереді. Барлық
әрекеттерді физикалық, сөздік және ақылмен істелген әрекет деп бөлуге болады. Ал
әрекет салдарының адам өміріне қалай ықпалы бар дейтін мәселе тұрғысынан келгенде,
әрекетті үш түрге бөлуге болады: бұл өмірде "жинақтаған" әрекет салдары осы өмірде де,
келесі өмірде де немесе кез-келген қайта жаратылған өмірде де бастан кешірілуі мүмкін.
АЗАТ ЕТУ
Болмыс айналымы, ол — бұғау, ал азат ету бұғаудан тыс болуды білдіреді. Жоғарыда
түсіндіріліп өткендей, болмыс айналымының себепшісі — күңгірт әрекеттер мен
зұлымдық. Егер зұлымдықтың тамыры жойылатын болса және жаңа әрекеттер
қалыптаспайтын болса, онда көнеден сақталып қалған күңгірт әрекеттер потенциясын
жандандыратын зұлымдық енді болмайтындықтан, болмыс айналымының себебі де
солғұрлым жойылады. Яғни, бүл — бұғаудан тыс болу. Алдыңғы күңгірт әрекеттер мен
зұлымдық қалыптастырған психо-физикалық жиынтықтар әліде болса қалып отырған
жағдайда, бұл — қайсы біреулер айтқандай, "қалдықты" нирвана. Ендігі жерде ондай