Page 9 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

9
Ол басты төбесінен ойып, сол орай арқылы ішке енді. Бүл есікті видрити деп атайды.
Оның үш мекен-жайы, үш ұйқысы бар. Олар — мекен-жай, мекен-жай, тағы да мекен-жай.
Біреулер басқа атманды мадақтап жүрмей ме деп ол туа біткен барлық нәрселерді
қарастырады. Ол бүл пурушаның зор Брахман екенін пайымдады. "Мен мұны көрдім" деді
ол. Сондықтан оған Идамдра деген ат берді, оның нағыз аты Идамдра еді. Идамдраны
жасырын Индра деп атайды, өйткені құдайлар айқын еместі ұнатады.
Упанишадтар
1. (ОМ буыны)
Чхандогья-упанишада, I, 1
1. ОМ. Бұл буын удгитха деп оқылуы керек, үйткені ОМ (буынынан) басталатын әндер
айтылады. Оның түсіндірмесі (мынандай):
2. Бар нәрсенің шырыны — жер. Жердің шырыны — су. Судың шырыны — өсімдіктер.
Өсімдіктердің шырыны — пуруша. Пурушаның шырыны — сөйлеу. Сөйлеудің шырыны
— риг. Ригтің шырыны — саман. Саманның шырыны — удгитха.
3. Шырындардың шырыны, оның жоғарғысы, жетілгені, сегізіншісі — удгитха... Удгитха
— ОМ-ның буыны.
6. (Праналар)
Чхандогья-упанишада, III, 13
Андасақ, жүректе құдайларға (деген) бес тесік тетік бар. Оның алдыңғы тесігін
прана
дейді. Бұл — көз, бұл — күн. Оларды жылылық және асты қорыту ретінде құрметтеу
керек. Мұны білетіндер тұтас жылылық пен асты қорытушыларға айналады.
Одан кейінгі, оның оң тесігі —
вьяна
. Бұл — дыбыс, бұл — ай. Оларды әрі бақыт, әрі даңқ
ретінде құрметтеу керек. Мұны кім білсе, ол бақытты және даңқты.
Одан кейінгі, оның артқы тесігі —
апана
. Бұл — сөз, бұл — от. Оларды брахмандық
жарқыл, тамақ ретінде құрметтеу керек. Мұны кім білсе, ол тұтас брахмандық жарқылға
және сіңдіретін тамаққа бөленеді.
Одан кейінгі, оның сол жағындағы тесік —
самана
. Бұл — ой, бұл — жаңбыр. Оларды
дәріптеу, сұлулық жөнімен құрметтеу керек. Мұны кім білсе, ол даңқты және келісті.
Одан кейінгі, оның жоғарғы тесігін
удана
деп атайды. Бұл — жел, бұл — кеңістік. Оларды
әрі күш, әрі құдірет ретінде құрметтеу керек. Мұны кім білсе, ол күшті де, құрметті.
Брахманның осы нағыз бес сақшылары аспан әлемінің қақпасын қорғайды. Аспан
әлемінің қақпасын қорғайтын Брахманның осы бес пурушасын білетіндердің үйінде батыр
туады. Кім аспан әлемінің қақпасын қорғайтын Брахманның осы бес сақшыларын білсе,
ол аспан әлеміне жетеді.
Одан кейінгі, аспаннан жоғары, бәрінен де, тіпті дүниелерден де жоғары тұтас
жарқырайтын жарық, шындығында, адамның ішіндегі жарыққа ұқсайды.