Page 8 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

8
1. Бастапқысында, бәрі бір атман болды, басқа жылтыраған ештеңе болмады. Ол шешімге
келді: "Мен дүниелер жасайын". Атман осы дүниелерді — суды, жарықты, өлікті және
суларды жасады. Су аспанға дейін көтерілді, ал аспан оның тірегіне айналды. Бұл жарық
— ауа кеңістігі. Өлікті — жер, жердің топырағынан төменгі — су. Ол шешімге келді:
"Дүниелердің бары осы. Мен дүниелерді қорғаушыларды жасайын". Атман пурушаны
(суға шайып) жасады. Ол оны тапаспен үйлестірді. Содан кейін жұмыртқа жарылғандай
ауыз пайда болды. Ауыздан сөз, сөзден от шықты. Содан кейін танау пайда болды.
Танаудан иіс, иістен жел шықты. Содан кейін көз пайда болды. Көзден — көру, көру
сәулесінен күн шықты. Содан кейін құлақтар пайда болды. Құлақтан — дыбыс, дыбыстан
жарық әлемі шықты. Содан адам ағзасы пайда болды. Ағзадан — шаштар, шаштардан
өсімдіктер мен ағаштар шықты. Содан кейін жүрек пайда болды. Жүректен — ой, ойдан
ай шықты. Содан кейін кіндік пайда болды. Кіндіктен — дем шығару, дем шығарудан өлік
қалыптасты. Содан кейін бала тудыратын мүше пайда болды. Бала тудыратын мүшеден
ұрық, ұрықтан сұйық зат шықты.
2. Бұл жасалынған құдіреттер үлкен теңізбен ұласты. Атман оларды аштықпен және
шөлейтпен қысымдады. Құдіреттер оған айтты: "Бізге өмір сүретін және қоректенетін
мекен-жай тауып бер". Атман оларға сиырды әкелді. Олар айтты: "Бұл жеткіліксіз". Атман
оларға адамды әкелді. Олар айтты: "Жақсы істелінген". Расында, адам әйбат еді. Ол оған
айтты: "Өзіңізге лайық орын табыңыз". Сонда от сөзге айналып ауызға енді. Жел иіске
айналып танауға енді. Күн шынарға айналып көзге енді. Жарық әлемі дыбысқа айналып
құлаққа енді. Ай ойға айналып жүрекке сіңді. Тынысы тарылған өлім кіндікке байланды.
Ұрыққа айналған сұйық бала тудыратын мүшеге жиналды. Аштық пен шөлейт оған айтты:
"Әрқайсымызға мекен бергін". Атман оларға айтты: "Мен сендерді осы құдіреттерге
қосам, мен сендерді олармен дастарқандас етемін". Сондықтан құдіреттердің біріне
құрбан шалынса, онда аштық пен шөлейтке ұшыраса, мұның өзі оны табақтастыққа
тартады.
3. Ол шешті: "Бұл дүниелер де, дүниені қорғаушылар да осындай. Мен оларға тамақ
жасайын". Ол су бетіндегі тапасқа берілді. Содан кейін суда келбет туды. Осылайша
туындаған келбет шынымен-ақ, тамаққа тамсанды. Жасақталған тамақ ғайыпқа ұшырады.
Ол тамақты жібергісі келмеді. Ол тамақты түгендегісі де, ұстап тұрғысы да келді. Ол
тамақты созбен ұстай алмады. Егер ол тамақты созбен ұстай алса, онда ол туралы сөзбен -
ақ тойған болар еді. Ол тамақты иіспен сақтағысы келді, бірақ ұстай алмады. Егер де ол
оны иіспен ұстай алса ғой, онда ол иіспен ғана тамағын тойдырған болар еді. Ол тамақты
көзімен ұстағысы келді. Ол көзімен де ұстай алмады. Егер ол көзбен тамақты ұстаса, онда
тамаққа қарап-ақ тойып қалар еді. Ол тамақты дыбыспен үйіргісі келді. Ол дыбыспен де
тамақтың бабын таппады. Егер ол дыбыс арқылы ұстаса, онда тамақ туралы дыбыстан
тоят тапқан болар еді. Ол тамақты ағзаммен ұстағысы келді. Ол ағзамен де оны ұстай
алмады. Егер ол тамақты ағзаммен ұстай алса, онда ол оны ұстағанда - ақ тойып қалар еді.
Ол тамақты оймен ұстауға тырысты. Ол оны оймен де ұстай алмады. Егер де ол оны
ойымен ұстай алса, онда тамақ туралы ойымен - ақ тояттар еді. Ол оны бала тудыратын
мүшесімен тоқтатпақ болды. О бала тудыратын мүше арқылы да ұстай алмады. Егер ол
бала тудыратын мүшесімен тамақты ұстай алса, онда (ұрық) шашу арқылы тамаққа тойған
болар еді. Ол дем шығару арқылы тамақты ұстамақ болды. Ол оны ұстап алды. Тамақты
ұстай алатын да, ас арқылы өмір сүретін де — Ваю. Ваю, осындай. "Қалай (бұлар) менсіз
өмір сүре алады?", деп ол ойланып қалды: "Мен қай жолмен ішке ене аламын?" деп
толғанды. Ол ойланып қалды: "Егер сөз бір-бірінен ажырату үшін, иіс иіскеу үшін, көз
көру үшін, құлақ есіту үшін, ағзам сезіну үшін, ой ойлану үшін, дем шығару асты қорыту
үшін, бала тудыратын мүше (ұрықты) шашу үшін керек болса, онда мен не болмақпын?".