10
Мұны денені сипалағандар оның жылылығын сезінгенде көреді. Мұны құлағын басса да
дыбыстар мен дабырды от лапылындай есіткендер естиді. Мұны көргендей, есіткендей
құрметтеу керек. Мұны кім білсе, біле алса, оған көңіл тартады, ол даңқты.
7. (Атман мен брахманның бірлестігі туралы)
Чхандогья-упанишада, III, 14
1. Аңдасақ, бұл дүние — Брахман. Оның тыныш күйін Таджджапанның тұнық күйіндей
құрметтеу керек. Расында, ниетсіз адам болмас. Адамның бұл дүниедегі ниеті қандай
болса, ол о дүниеде де солай болмақ. Оның ниетті болғаны абзал.
2. Біреудің денесі — тыныс, біреудің келбеті — жарық, біреудің ниеті — ақ, біреудің
атманы — кеңістік дейтін ойда, бұл дүниенің бәрі де болатын, бәрі де талпынушы, бәрі де
иіске сезімтал, бәрі де дәмеленуші— үнсіздікті, қамқорсыздықты қамтушы
3. Менің жүрегімдегі бұл атман күріштің дәнінен де, арпаның дәнінен де, қыша
тұқымынан да, тарының дәнінен де, тіпті тары тұқымының ағынан да кіші нәрсе.
Жүрегімдегі менің атманым жерден де үлкен, ауа кеңістігінен де үлкен, аспаннан да, бүкіл
осы дүниелерден де үлкен.
4. Бұл дүниедегі бәрі болатын, бәрі талпынатын, бәрі иістенетін, бәрі дәмеленетінді үнсіз,
қамқорсыз қамтитын нәрсе — менің жүрегімдегі менің атманым, бұл — Брахман. Бұл
дүниеден өтерде мен соған енемін. Кімде-кім бұған (сенсе), онда (әрине) күдік қалмайды"
— осыны айтты Шандилья, (осылай деді) Шандилья.
8. (Ой)
Чхандогья-упанишада, III, 18
1. Ойды Брахмандай марапаттау керек. Бұл Атманға да қатысты. Енді құдайларды
қарастырсақ. Кеңістікті де Брахмандай марапаттау абзал. Атман мен құдайларға
қабаттастыра үйретушілік осындай.
2. Ой — төрт пададан тұратын Брахман: паданың бірі — соз, паданың бірі — тыныс,
паданың бірі — көру, паданың бірі — есіту. Бұлар атманға байланысты. Енді құдайларға
қатыстысы. Бір падасы — от. Бір падасы — жел, бір падасы — күн, бір падасы — жарық
әлемі. Атман мен құдайларға қос жақтап үйретушілік осыдан.
3. Сөйлеу де — Брахманның төртінші падасы. Ол оттың жалынымен жарқырайды, әрі
лапылдайды. Кім осыны білсе, ол ар-ұятымен, даңқымен жөне Брахманның жарқылымен
жарқырайды және лапылдайды.
4. Тыныс та — Брахманның төртінші падасы. Ол желдің өтінде жарқырайды және
лүпілдейді. Кім осыны білсе, ол ар-ұятымен, даңқымен жөне Брахманның жарқылымен
жарқырайды және лапылдайды.
5. Көру де — Брахманның төртінші падасы. Ол күннің нұрында жарқырайды және
жалынданады. Кім осыны білсе, ол ар-ұятымен, даңқымен жөне Брахманның жарқылымен
жарқырайды және лапылдайды.