88
Шынайы күйзелістер шынайы қайнар көздерден туындайтын болғандықтан шын
мәнісінде сол қайнар көздер күйзеліске алғышарт болады. Сол сияқты шынайы
қиылысулар шынайы жолды жүріп өту арқылы жүзеге асырылады; сол үшін шын
мәнісінде жол қиылысудан бұрын тұрады. Алайда Бата алған бүл тәртіпті Төрт игі
ақиқатқа үйреткенде керісінше өзгертті, мұның маңызы өте зор. Себебі адам алдымен
күйзелістерді танып біледі, содан кейін ғана оның себептерін зерттейді, сондықтан Будда
күйзеліс көздерін күйзелістердің өздері пайда болғаннан кейін түсіндірді. Күйзелістерді
жоюға деген сенім пайда болған кезде оларды қиып өтуге деген де ұмтылыс пайда
болады. Осыдан келіп қиылысуға алып баратын жолды жүріп өтуге деген құлшыныс
пайда болады; сондықтан Будда шынайы жолды шынайы қиылысуды анықтағаннан кейін
түсіндірді.
БОЛМЫС АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ТІРІ ЖАРАТЫЛЫСТАР
Мынадай сұрақ туындауы мүмкін: "Болмыс айналымы және оның қайғысы шынайы
күйзеліс мәні болатын болса, онда оның өзі не болуы мүмкін?"
Болмыс айналымы үш әлемге бөлінеді: қалаулар әлемі, формалар әлемі және формасыз
өлем. Қалаулар әлемінде жаратылыстар бес түрлі қалау ләззатына беріледі: формалар,
дыбыстар, иіс, дәм және сипап білу объектілері. Формалар әлемі екі бөліктен тұрады:
төменгі бөлігінде жаратылыстар сыртқы рахатқа қызықпайды, бірақ ішкі сезім рахатына
бөленеді. Жоғарғы бөлігінде жаратылыстар ләззат беретін сезімдерден мүлдем бас тартып,
тек бейтарап сезімдерді ғана сезеді. Формасыз әлемде бүкіл формалар, дыбыстар, дәмдер,
иістер және сипап білу объектілері, сондай-ақ, рахат әкелетін бес сезім мүшесі болмайды;
онда тек сана ғана өмір сүреді және жаратылыстар тек бейтарап сезімдерге ғана бөленеді,
ешнәрсеге алаңдамай, тыныштық күйде болады.
Болмыс айналымында қозғалып жүретін тіршілік иелерінің алты түрі бар: құдайлар,
жартылай құдайлар, адамдар, аш рухтар, жануарлар және тозақтағы азап шегушілер.
Құдайларға форма әлеміндегі және формасыз әлемдегі тіршілік иелері және қалаулар
әлемі құдайларының алты түрі жатады. Жартылай құдайлар құдай тәріздес, бірақ
зұлымдыққа бейім және дөрекі. Адамдар — төрт материк және соған ұқсайтынның
тұрғындары. Аш рухтар — көптеген тіршілік иелерінің түрлері, шөлден және аштықтан
азап шегушілер. Жануарлар — мұхиттар мен жер бетінде тіршілік ететіндер. Тозақ азабын
шегушілер — бұрынғы өмірде өз істеген іс-әрекеттеріне байланысты әртүрлі түске, қилы
түрге ие болған жаратылыстар.
Болмыс айналымының көрініс табуының мәні сонда, ол — ешкімнің бақылауына тәуелді
болмайтын, күңгірттенген және жаман іс-әрекеттерге сай жүріп отыратын процесс. Оның
мәндік табиғаты — қайғы; ол бұл өмірдегі күйзеліс жөне келешектегі күйзелісті туғызу
үшін негіз жасайды. Дәлірек айтқанда, болмыс айналымы, ол — күңгірттенген және
жаман іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде құрылған арамдалған психофизикалық жиынтық.
Барлық үш әлемде болмыс айналымына кірмей қалатын ештеңе болмағандықтан да бүкіл
жаратылыстың психофизикалық жиынтығы болмыс айналымын құрайды.
БОЛМЫС АЙНАЛЫМЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Болмыс айналымының түп-тамырлары қандай? Күйзеліс көздері екеу: күңгірт іс-әрекеттер
және зұлымдық. Зұлымдық сананың шеттік факторлары ретінде анықталады және олар
өздігінен алты негізгі сананың (көз, құлақ, мұрын, тіл, тән және ақылдың) бірі болып