Page 87 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

87
онда аффектілер тұқымы толық жанып кеткенде, ол Пуруша тазалығына ұқсастықты
табады. Бүл жағдайда Пурушаға метафоралық таңылатын сезімдік тәжірибенің болмауы
— тазалық болады. Сонда, сол үшін кім жоғарғы үстемдікке не, және сол үшін, кім оны
иеленбеген болса, сол үшін, кімге айыру туындататын білім үлесі тиген және сол үшін
кімге оның үлесі тимеген болса, шексіз айыру пайда болады. Өйткені сол, аффектілер
тұқымын жаққандар үшін бұдан былай білімге деген қажеттілік жоқ. Және йогалық
жинақталу туындататын жоғарғы үстемдік және [ ажырататын] білім тек саттвадан тазару
құралыңдай керек. Бірақ, соңғы нәтижеде білім арқасында мағлұматсыздық жойылады.
Қашан ол толық жоқ болғанда, онда енді аффектілер де жоқ, ал аффектілер жоқ болғанда
карма [жемістерінің] жетілуі де болмайды. Бұндай жағдайда қызметтері таусылған гундер,
енді Пуруша үшін қабылдау объектісі сапасында алға шықпайды. Осы оның шексіз
ерекшеленуі болады. Сонда, тек оз мәнінің жарығы болып көрінетін Пуруша тазарған
және шексіз жекеленген болады.
(Классическая йога. М., "Наука", 1992, с. 86-182.)
БУДДИЗМ
ХІҮ ДАЛАЙ-ЛАМА
Дхарма
сөзінің мағынасы
"Дхарма" сөзі санскрит тілінде "ұстап тұратын" деген мағынаны білдіреді. Барлық нақты
шындық ол — дхарма, яғни олар өз мәнін немесе сипатын қамтып тұратын әлде өз мәні
мен сипаты өзінде болатын мағынадағы құбылыс. Сол сияқты дін де, ол — адамдарды
бақытсыздыққа жібермейтін немесе оларды апаттан қорғап тұратын мағынадағы дхарма.
"Дхарма" термині мұнда соңғы мағынада түсініледі. Дөрекі түрдегі дененің кез-келген
көтеріңкі іс-әрекеті, соз немесе ой дхарма ретінде қарастырылады, себебі осындай
әрекеттің арқасында адам бақытсыздықтың кез-келген түрінен қорғана алады немесе
бойын алшақ ұстайды. Мұндай іс-әрекет тәжірибесі — дхарма тәжірибесі. Бұл жерде
дхарма тақырыбына толығырақ тоқталуға мүмкіндік болмағандықтан, қарапайым,
түсінікті тілде тек буддалық дхарма қысқаша баяндалады.
ТӨРТ ИГІ АҚИҚАТ
Бата алған былай деген екен: "Бұл — шынайы күйзеліс, бұл — шынайы қайнар көз, бұл —
шынайы қиысу, бұл — шынайы жол. Күйзелісті тану керек, олардың бастау көздерін жою
керек, күйзелістердің қиысуын жүзеге асыру керек, бостандыққа бастайтын жолдарды
жүріп өту керек. Күйзелістерді танып білу қажет — сонда танып білетін күйзеліс
қалмайды. Күйзелістердің бастау көздерін жою керек — сонда жою керек болатын бастау
көздер қалмайды. Күйзелістердің қиылысуына жүзеге асыру керек — сонда жүзеге
асыруды қажет ететін қиылыстар қалмайды. Жолдарды жүріп өту керек — сонда жүріп
өтетін жолдар қалмайды".
Мәні, қажетті іс-әрекеттер және олардың нәтижелері тұрғысынан алғандағы торт игі
ақиқат міне, осындай. Бұларды түсіндіруде біз негізінен ең жоғарғы буддалық -
философиялық мектептің бірі — Прасангика-Мадхьямика жүйесін тәпсірлеуге сүйенеміз.
Шынайы күйзеліс ол — күңгірт және лас іс-әрекеттерден туындайтын, сөйтіп болмыс
айналымына кіретін құбылыс. Шынайы қайнар көздер ол — шынайы күйзелісті
тудыратын себептер. Шынайы қиылысулар ол — күйзелістердің және олардың шынайы
қайнар көздерінің жойылуы мен жоғалу қалпы. Шынайы жол ол — шынайы тоғысуға қол
жеткізетін ерекше тәсілдер.