86
бірінші жемісі, екінші [жемістің] орнынан табылғанымен, бірақ танушының назары басқа
[объектіге] ауса, сонда кеңістіктегі орналасуы тендігінен — "осы [жеміс] бірінші, ал анау
екінші" — деп, оларды ажырату мүмкін емес болады.
Ақиқаттық білім күмәннан қалай айырылған болуы керек болса, солай, [сутрада]: "Соның
арқасында [шынайы] білімге [жетеді]" — деп айтылады, [демек ол] ажырату туындатқан
білімнен [пайда болады].
—
Қандай жағдайда [бұл жүзеге асады]?
—
Миробаланың бірінші жемісінің [өмір сүруі] сәтімен байланысты
кеңістіктегі орналасуының, екінші жемістің [өмір сүруі] сәтімен байланысты
кеңістіктегі орналасуынан айырмашылығы бар. Одан өрі, миробаланың осы
екі жемісі, олардың кеңістіктегі орналасуы сәттеріне сәйкес келетін
қабылдаумен ажыратылатын болады. Кеңістіктегі басқа жайлармен
[байланысты] сәттердің қабылдануы, олардың ажыратылуы үшін негіз
болады.
Осы мысалдан жоғарғы йогте екі атомның айырмашылығы туралы түсінік пайда болады,
бірінші атомның, оның [әрбір] сәттегі кеңістіктегі орналасуын тікелей қабылдауы
нәтижесінде, оған атомның [тектік] сипаттамасы, қасиеті, кеңістіктегі жағдайының тендігі
түсінікті болады. Кеңістіктегі орналасуы нәтижесінде, екінші атом үшін, бірінші
[атоммен] сәйкес келу мүмкіндігінің жоқтығы, екінші [атомның] кеңістіктегі орналасуы
орнының біріншінің [кеңістіктегі орналасу орнынан] айырмашылығы бар, өйткені олар
[өздерінің өмір сүруі] сәттерімен біржола ажырайды.
Дегенмен басқалар, [тек] шексіз жекелік [мәндер], айырмашылық туралы түсінік жасауға
мүмкіндік береді, деп есептейді. Бірақ, бүл жағдайда да кеңістіктегі орналасу
айырмашылығы мен қасиеттердің, сонымен қатар сыртқы түр, аралық кеңістік және тектік
сипаттама айырмашылықтары олардың дифференциациясы үшін негіздік қызмет
атқарады. Бірақ, сәттерді ажыратуға тек [йог] қол жеткізеді. Сондықтан және: "Сыртқы
түрге, аралық кеңістікке және тектік сипаттамаларға байланысты айырмашылықтың
болмауы нәтижесінен негіздік [себепте] жеке өмір сүрмейді" — деп айтылады.
Варшаганъя осылай сендіреді.
54. Нұрға бөленетін, бәрін қамтитын, барлық уақыттық және сәттік — ажырату
туындатқан білім осындай.
"Нұрға бөленетін" оның ешбір [қандай да бір қосымша] нұсқаусыз интуитивтік өзіндік
нұрға бөленуден пайда болатынын білдіреді. "Бәрін қамтитын" — оның өрісіне
жатпайтын, ешбір нәрсенің өмір сүрмейтінін білдіреді. "Барлық уақыт" — оның барлық
өткенді, осы кезді және болашақты барлық жағдайымен танитынын білдіреді. "Сәттік" —
ол бір сәтте барлық уақытта өмір сүргеннің бәрінің ұғынылуын білдіреді. Ажырату
туындатқан бүтін білім осындай. Мадхумати (немесе "Жағымды") сатысында пайда
болатын йога жарығы ең жоғарғы шекке дейін тарайтын — осы [білімнің] тек бөлігі.
Сонда, кім ажырату туындатқан білімге ие болғанда немесе, сонда, кімнің ажырату
туындататын білімі болмағанда
55. саттва мен Пуруша тазалықтарының ұқсастықтарында шексіз жекелену [пайда
болады].
(Қашан) парасат саттвасы раджас пен тамас былғаныштарынан [өзін] тазалағанда, өзінің
Пурушадан айырмашылығына жетуден басқа онда өзге мақсат болмайды, [және қашан]