Page 85 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

85
Хош болыңыздар, сезімдік объектілер! Сіздер өзіне бақытсыз адамдарды тартатын мұң
тәріздісіздер". Сөйтіп, қайратына бекінген [йог] мейлі жинақталуға жаттықсын. Сондай-
ақ, құштарлықты қайта жаңғыртпай ол мейлі, сонымен қатар: "Мен солай, керек десе,
құдайдың қалаулысымын" деп, даңғойлыққа бой ұрмасын. Өйткені сол, кім өзінің
даңғойлығымен, керек десе болашақ өлім оның шашынан ұстап тұрса да, ол өзінің
[ұсталғанын] сезінбейді, өзін толық қауіпсіздіктемін деп жорамалдайды. Және сонда,
оның әлсіз орындарын іздейтін және әрқашан сақтануы керек болатын алаңсыздық
еркіндікке сытылып шығып, аффектілерді оятады. Ал осыдан қайтадан жағымсыз
құштарлық [пайда болады]. Сондықтан, кім құштарлықтан және даңғойлықтан қашса,
оның мақсаты тұрақтанады, ол енді нені жүзеге асырады және әлі нені жүзеге асыруы
керек болса сол мақсатына жақындайды.
52. Санъяма арқасындағы сәттерді және олардың бірізділігін ажыратудан туындайтын
білім [пайда болады].
[Материалдық] субстанцияның бөліну шегі атом болатыны тәрізді, сәт те, солай уақыттың
ең кіші өлшемі. Немесе, [басқа анықтамаға сәйкес], сәт — атом ненің ағымында кеңістікте
бір [нүктені] қалдырып, басқасында көрінетін сол — уақыт. Бірізділікке не жатады, онда
ол, осындай [сәттердің] тоқтаусыз ағымы болып көрінеді. Сәттердің бірізді қосылуы
[объективтік] ақиқаттай өмір сүрмейді. Сағаттар, тәуліктер және т.б. — [осындай
сәттердің] қосылуы парасат арқылы жасалады. Және шындығында ол, осы уақыт
[объективтік] ақиқаттығынан айрылған [және] ауызша білім нәтижесі болып көрінетін тек
ой түзілімі. Бірақ, әдеттегі саналы адамдарға осындай [уақыт] ақиқат мәнге ие болғандай
болып көрінеді.
Дегенмен, [объективтік] ақиқат [өрісіне] тиесілі сәт бірізділікке негізделеді, ал бірізділік
өзінің мәнінде сәттердің үздіксіздігі болады. Уақыттың [не екенін] білетін йогтар оны
уақыт деп атайды. Одан әрі, бір уақытта екі сәт өмір сүрмейді. Солайша екі қатар өмір
сүретін [сәттер] бірізділігі мүмкін емес, [содан ол туралы тек], қашан алдыңғы сәт тікелей
келесімен ауысатын [жағдайда айту мүмкін]. Бұл сәттердің бірізділігі болады. Қазіргі —
бұл бір [бөлінбейтін] сәт, [онда] ешбір алдыңғы, ешбір соңғы сеттер болмайтыны осыдан
[туындайды]. Сондықтан олардың қосылуы мүмкін емес.
Өткен және болашақ сәттерге не жатады, онда оларды өзгеру үдерісіне тиесілі ретінде
түсіндіру керек. Сөйтіп, бар әлем [өзінің өмір сүруінің] әрбір бірлік сәтінде тұрақты
өзгерістерге ұшырайды. Шынында да барлық дхармалар [демек сапалы — анықталған
жағдайлар] осындай сәттерден пайда болады. Сәттердегі және олардың бірізділігіндегі
санъяма арқасында олардың тікелей қабылдануы [мүмкін болады], ал осыдан ажырату
туындататын білім пайда болады. [Одан әрі] оның объектісінің анықтамасы кіргізіледі.
53. Соның арқасында, тең екі объектінің түрлік сипаттамалары, қасиеттері,
кеңістіктегі орны туралы айырмашылықтарын анықтау мүмкін емес болғанда, олардың
[шынайы] біліміне қол жетеді.
Екі ұқсас объектілердің кеңістіктегі орналасуы мен белгілерінің теңдігінде оларды
ажыратудың негізі үшін түрлік сипаттамалары бөлінісі алға шығады: "Бұл — сиыр, бұл —
жылқы". Кеңістіктегі орналасуы мен түрлік сипаттамасы тендігінде ажырату — белгі
негізінде жасалады: "Қара көзді сиыр; бақыт әкелетін сиыр". [Мысалы], миробаланың екі
жемісінің сипаттамаларының теңдік жағдайында олардың ажыратылу қасиеті кеңістіктегі
орналасуымен жүргізіледі: "Бұл [жеміс] жақын, ал анау алыстау". Дегенмен, миробаланың