84
(Қашан) аффектілер мен кармаларды жойғанда осындай [йогқа лезде айқын ой] келеді,—
"бұл сананың ажыратушы қабілеті, саттва қасиеті болады, ал саттва не керексіз, тасталған
болуы керек болса, соның аймағына жатады, [өйткені], [басынан] таза Пуруша
өзгерістерге ұшырамайды, және [осыған сәйкес] саттвадан өзгеше", онда
[интеллектуалдық ажыратуға] құштарлық артық байқалмайтын өзгешелік пайда болады,
онда енді ақаулықтардың жеміс беруге қабілетсіз барлық тұқымдары күріштің [жеміс
беруге қабілетсіз] дәніндей [отта күйдірілген], [бұқаралық сайман сапасында] парасатпен
(манаспен) бірге өзінің өмір сүруін тоқтатады. Олардың жойылуы кезінде Пуруша енді
үштік азап шегуді байқамайды. Және сонда, гуннің кері эволюциясы жағдайында өзінің
мақсатын жүзеге асырған және аффектілер мен карма жетілулерінің парасатта
бейнеленуіне [сәйкес келетін] түрі арқылы, Пурушаның гундерден толық ажырауы [демек
оның] шексіз еркіндігі [жүзеге асады]. Бұндай жағдайда Пуруша өзгешелігі жоқ, өзі —
өзінде болатын сана қуатындай болады.
51. [Жоғарырақ] сатыларда болатын [жан иелері] шақырған жағдайда [йогтың
болмысы] ешбір мансапқұмарлықты, ешбір қуанышты [байқамауы керек,], өйткені
жағымсыз құштарлық қайтадан [көрінуі мүмкін].
Расында, осындай йогтердің төрт [түрі] өмір сүреді, олар: "жақсы өмір салтын таңдаған",
"жағымды сатыда болатын", "даналық жарығына ие болған", және "нені әдетке айналдыру
керек, соның шекарасынан шыққан". Бұлардан бірінші [түрге жататын йог] өзін толық
[психотехникалық] жаттығуларға арнайды; ол үшін [даналық] жарығы тек енді ғана
көрінеді. Екінші [түр] — "сол, кім ақиқатты әкелетін даналыққа ие болған". Үшінші —
сол, кім өзіне "[ұлы] элементтерді" бағындырған және сезім мүшелері йогтық жаттығулар
салдарынан неге жетсе, соны және болашақ тағы неге жеткен болуы керек, бәрін сақтау
тәсілдеріне ие болады. Ол не (әлдеқашан) істелген болса, соны және ненің әлі істелуі
керек және басқаны да жүзеге асыру тәсілдерін жетік біледі. Төртінші [түрге] сол
[жатады], кім нені әдетке айналдыру керектің бәрінің шекарасынан шыққан болса. Оның
жалғыз мақсаты — сананың [ең алғашқы себепке] қосылуы, оның даналығы — жеті түрлі
жоғарғы сатыдағы [жинақталуларға] ұмтылу.
Өмір сүрудің [жоғарырақ] сатыларын мекендейтін құдайлар [йогтердің екінші түріне
жататын жинақталудың] жағымды сатысын жүзеге асырған брахманның таза саттвасын
көреді және оны өзіне шақырады: "Мейлі мырза осы жерге орналассын! Мейлі ол осы
[өмір сүру өрісінде] ләззаттансын! Бұл ләззат сондай үмітті! Бұл қыз сондай сүйкімді! Бұл
элексир қарттық пен өлімнен қорғайды! Бүл екі аяқты арба ауада қозғала алады! Осы ағаш
барлық тілекті орындайтын; осы хош иісті аспан өзені Мандакини. Жетілген ұлы
болжағыштар және өздерінің сүйкімділіктерімен тамаша апсаралар да осында.
Осыңдағының [бәрі] құдайлық есіту, құдайлық көру [қабілеттеріне ие болған], ал денелері
алмаз тәріздес. Өзіңнің рақымшылдығыңмен, о құрметтім, сен осының бәріне лайықсың!
Осы қиратылмайтын, қартаймайтын, өлмейтін, құдайлар сүйенетін жоғарғы мекенге
кірсейші!"
Осындай шақыруларды есітетін йогтың құштарлық ақауларын пайымдауға тереңдеуі
керек: "Қорқынышты сансара көмірлеріне қуырылатын, туылу мен өлу қараңғылығында
адасқанмен, қандай да бір жағдайда қараңғылық аффектілерін ыдырататын йог шырағына
жақындадым. Ал, бүл ынтыққан құштарлықтан туындаған сезімдік объектілер құйындары
[жарыққа] кедергі болды. Ақиқатында сол жарықты тапқан мен, неге сезімдік
объектілердің соңынан шөліркей қууға алдануым және өзімді қайта жанатын осы сансара
оты үшін отынға айналдыруым керек?