Page 83 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

83
Сезімдік объектілер — дыбыс және басқалар — өз табиғатында жалпы мен ерекшенің
[бірлігінен] өзге емес. Қабылдау — бұл сезім мүшелерінің осындай [объектілерге]
қатынасының әрекеті. Ол, дегенмен, өзінің түрінде (сөзбе сөз "ұстап алу"; — ауд.) тек
жалпының көрінісі емес, өйткені [қарсы жағдайдағыдай] [көру] мүшесімен көрілмеген
объект қалай парасатпен ұғынылуы мүмкін?
Одан өрі, жеке түр бір-бірімен ажырағысыз байланысқан әр түрлі бөліктердің жиынтығы
болады. [Осы жағдайдағы] (буддханың) парасат саттвасына жататын [бүл жиынтықтың]
ішкі мәні — анықтық. Сезім мүшелері [осындай] субстанция болады. Олардың үшінші
аспектісі — даралану өзіндіктің қасиеті ретіндей. Сезім мүшелері осы жалпының ерекше
[көрінісінің] мәні. Төртінші аспект — бұл гундер, [демек] табиғи бейнелеуге және (саттва)
анықтылығына, (раджас) әрекетіне ие болған және (тамас) жағдайының сақталуына
бейімделген [негіздік сапа]. Сезім мүшелері [олардың] даралануымен бірге, осы [гун]
өзгерістерінің [нәтижесі] болады. Бесінші аспект, гундерден табылатын — олардың
Пуруша мақсатына қызмет ету қасиеті. Санъяма, сезім мүшелерінің бес аспектісінің
әрқайсысында, біршама жүйелі [жаттықтырылады]. Осы бес аспектінің әрқайсысын толық
бақылау салдарынан йогте сезім мүшелерін бағындыру [қабілеті] пайда болады.
48. Ал осыдан — парасаттікіндей салттық, субстратсыз тәжірибе және ең алғашқы
себеп туындай.
Манас парасатыңдай шалттық — бұл аса жоғарғы дене қозғалғыштығына жету.
Субстратсыз тәжірибе — сезім мүшелерінің кеңістік, уақыт және сезімдік объектілер
туралы жүзеге аспаған [кез келген] тілеген қызметтеріне [қабілетті] табу. Ең алғашқы
себепке билік, пракритидің барлық түр өрістерін толық бақылау қабілеті болады.
Осы үш жетілген қабілеттер "жағымды сатыда болатындар" деп аталады. Олар сезім
мүшелерінің бес субстратының ішкі түрлеріне толық үстемдік нәтижесінде көрінеді.
49.
Өмір сүрудің барлық турлеріне шексіз билік жүргізу қабілеті және бәрін
басқаратын қабілет тек кім саттва мен Пуруша арасындағы айырмашылық білімге ие
болса, сонда [пайда болады].
Кім саттва мен Пуруша арасындағы айырмашылық білімін өзінде нығайтса, тек сонда,
барлық өмір түрлеріне шексіз билік жүргізу қабілеті [пайда болады], кім жоғарғы ұғыну
үстемдігіне жетсе, кімнің парасат саттвасы раджас пен тамастың [ең аз мөлшердегі]
араласуынан тазарса, жоғарғы деңгейдегі анықтылыққа ие болады. Бәрінің ішкі мәніңдей
алға шығатын бұл гундер, өз табиғатында анықтайтын және сол, не анықталынатын
[гундер], барлық көрінетіннің жиынтығындай, өзінің бүтіндігінде "алаңды танитын
Әміршінің" алдынан шығады дегенді білдіреді.
Бәрін басқаратын қабілет — бұл бір сәттік, айыру туындатқан гуннің [интуитивтік] білімі,
және [қай-қайсысының] — бәрінің де мәні тыныштық, тынышы кету немесе белгісіздік,
сөзбен айтып жеткізуге болмайтын жағдайында болатын қасиеттеріне сәйкес реттелген.
[Нағыз сутраның] мәні осындай. Бұл және қайғысыз деп аталатын атын жетілген қабілет
болады; оны тапқан, бәрін басқаратын, аффективті кедергілерін жойған, йог құдіреттілік
[жағдайында] болады.
50. Толық қызықпаушылық нәтижесі ретіндегі, осы [қабілетке] қатынасында, [барлық]
ақаулардың тұқымы (қашан) қирағанда, шексіз ажырату [пайда болады].