82
Енді олардың төртінші аспектісі туралы. Ажырату, әрекет және жағдайды сақтау
үрдістеріне ие болған және [өздерінің] салдарларының ішкі мәніне сәйкес келетін гундер
"өздеріне тән" аталады. Және соңында, осы ["ұлы элементтердің "] бесінші аспектісі —
"мақсатқа ие болу қасиеті". [Өзінің] мақсаты тәжірибе және босану бөлуі қасиеті гундарға
тиесілі, ал гундар [өздерін] танматрлар, "[ұлы] элементтер" жөне олардың туындылары,
[демек эмпирикалық объектілер] арқылы жүзеге асырады. Сөйтіп бәрі мақсатқа ие болған
[болып шығады]. Сонымен, санъяма арқасында [көрсетілген] аспектілерге ие болған осы
бес элементте, сол немесе өзге объектінің жеке түрінің көрінуі және оларға толық
үстемдік пайда болады. Және сонда, өзіне бес элементтің жеке түрін бағындырған [йог]
"[ұлы] элементтердің" жеңімпазы болады. Оларды бағындырудың нәтижесінде
элементтердің ішкі потенциясы оның еркіне, бұзауларының соңына ерген сиырлар
сияқты, бағынышты болады.
45. Осының салдары ретіндегі — атом мөлшеріне және басқаға дейін кішірею
[қабілетінің] көрінуі, дененің шыңдалуы және ["ұлы элементтердің"] қасиеттері
жағынан қарсы әрекеттің жоқтығы.
Осындай [сегіз жетілген қабілеттерден] кішірею атом [мөлшерін табу] болады; жеңілдік
[йог қашан] салмақсыздыққа жетеді; ұлғаю — [қашан ол] үлкен мөлшерге жетеді,
жетілдіру — [қашан йог] тек бір саусақтарының ұшын айға тигізеді, барлығын жеңетін
ерік — бұл кедергілерді кездестірмейтін ұмтылыс, [мысалы], егер де ол қашан су болған
сияқты, жер қабатына кіреді, және [оны көктей] өтеді; үстемдік — [қашан йог] "[ұлы]
элементтерді" және оның туынды [объектілерін] бақылайды және басқалар жағынан өзі
бақылауға душар болмайды; әміршілік — [қашан йог] олардың пайда болуын, қирауын
және қосылуын басқарады; барлық тілектің жүзеге асқыштығы, ойға алынғанның [толық]
жүзеге асу қасиеті болады; ниет қандай болса — " [ұлы] элементтердің" жағдайы және
сондай. Дегенмен, [йог] заттар бағытын қарама-қарсыға өзгертпейді, ондай қабілетке ие
болғанмен.
—
Неге?
—
Өйткені өмір сүретіндердің [бәрі] басқа — Бастан жетілгеннің ниетіне
сәйкес [нақ] осындай бейнеде орнатылған. Сегіз құдіретті қабілеттер
осындай.
"Дененің шыңдалуы" [төменде түсіндіріледі]. Ол [демек дене] "["ұлы элементтер"]
қасиеттері жағынан қарсы әрекетті байқамайды". Қаттылық қасиетіне ие болған Жер, йог
[мүшелері] және дене қызметіне кедергі келтірмейді,— ол керек болса, жартасты көктей
өте алады. Су, [ненің қасиеті] — жабысқақтық, оны ылғалдауы мүмкін емес, от [өзінің]
ыстығымен оны шарпымайды, ал жел [ненің қасиеті] — қозғалыс, оны алып кете алмайды.
Тіпті мәні — кедергілердің болмауы болатын акашада, [йог] денесі жасырылған бола
болады, сондықтан жетілген (сиддхалардың) да оны байқауы мүмкін емес.
46. Денелік шыңдалу — сұлулық, жағымдылық, күш және алмас беріктігі.
Солай: [йог денесі] көру үшін жағымды, ақылға сыймайтын күш үлесіне ие және алмастай
берік деп [түсіндіріледі].
47. Санъяманы салыстырмалы түрде қабылдау салдары жеке мәндей, өзіндіктей, өзіне
тәндіктей
және
мақсаттылықтай
[йогте]
сезім
мүшелерін
бағындыру
шынықтырылады.