81
жинақталуына жеткен [йог] өзіне акашамен] байланысты бағындырып, өзі
салмақсыздыққа кетеді. Ол [осындай] жеңілдік арқасында суды басып жүре алды, ал
осыдан кейін керек десең, өрмекші торымен жүреді, ал содан соң күн сәулесімен жөне
соңында, онда өзінің еркімен акашада да қозғалатын қабілет пайда болады.
43. Денеден [тыс сананың] ақиқат қызметі Ұлы денесіздік [аталады]; оның арқасында
жарық үшін кедергілер жойылады.
[Сана] топталуы, [ненің жанында] манас денеден тыс жұмыс істейді — денесіз деп
аталады. Егер ол дене ішінде болатын, тек манас қызметінің сыртқа [бағыттылығы] болса,
онда ол ойдағы атын алады. Қашан ол денеден тәуелсіз және сыртта болса, және манастың
сыржы қызметі [болып көрінсе], онда ол сөзсіз ойдағы емес, [демек өзінен-өзі ақиқат].
Ойдағы топталу арқылы [йогтар] ойдағы емес, Ұлы денесіз [аталатын], ненің көмегімен
олар басқа денелерге кіретін [сана топталуын] жүзеге асырады. Осындай топталу
салдарынан (буддханың) парасат саттвасын жабатын жамылғының мәні — жарық және
аффектілер мен кармалардың үштік жетілуін шақырады, болашақ раджас пен тамаста нық
орын теуіп, [толығынан] тарайды.
44. Дөрекідегі санъяма арқасында, жеке түрінде, нәзікте, өзіне тәндікте және
мақсаттылықта "[ұлы] элементтерді" өзіне бағындыру [қабілеті пайда болады].
Бұл жерде, жерге және басқа ["ұлы элементтерге"] тән жеке [сапа] — дыбыс және т.б.
өзінің нақты көріну түрімен және басқа да қасиеттерімен бірге терминологиялық "дөрекі"
сөзімен белгіленеді. Бұл "[ұлы] элементтердің" бірінші аспектісі. Екінші аспект —
олардың жалпы тектік сипаттамасы: жердікі — тығыздық, судікі — жабысқақтық, оттікі
— ыстық желдікі — қозғалыс, акашанікі — бәрін өткізгіштік. Бұл [аспект] "жеке түр"
сөзімен белгіленеді. Дыбыс және басқалар жалпының жеке [сапалық анықтығы] мәні.
Қалай: "бұл жалпы тектік сипаттамаға не болған [мәнділіктің] бәрі, өзінің тек сапалы
анықтығымен ажыратылады" — деп айтылды. Бұл [жүйеде] субстанция жалпы мен жеке
(жекеліктің) жиынтығы болады.
Көптіктің екі түрі [бары] белгілі. [Біріншіде әр түрлі оны құрастырушы бөліктердің
(бөлектенуі) болмайды], мысалы дене, ағаш, табын, орман. [Екінші түрге жататын]
көптіктің құрамдас бөліктері [сәйкес келетін] атауларды алады, [мысалы] "екі түрге —
құдайлар мен адамдарға тиесілі. Бүл жерде көптіктің бір бөлігі — құдайлар, ал басқасы —
адамдар. Дәл солардан [осы] көптіктің түрі пайда болады. Одан басқа, ол [белгілі]
айырмашылықтағы тендікті жобалайды, [мысалы], шағын орман манго ағаштарынан
тұратын, жиналысы брахмандардың [ал түсінілуінде] манго шағын орманы, брахмандар
жиналысы.
Одан әрі, бұл көптік — екі түрлі. [Бірінші бүтін болып көрінеді], оның бөліктері бір —
бірінен бөлектей өмір сүреді; [екінші — сондай бүтін], оның бөліктері бөлінбейтіндей
өмір сүреді. Бөліктері бөлек өмір сүретін көптік [бұл мысалы], шағын орман немесе
жиналыс; [көптіктің екінші түрі] — бөліктері бөлектенбей өмір сүретін бүтін [мысалы]
дене, ағаш, атом. [Олардың бәрі] жалпының және жекенің табиғатына ие болады, және
өзара бөлінбейтін бейнеде байланысқан, әр түрлі бөліктерден тұратын бүтіндік болып
көрінеді. Соның өзі және барлық танматраларға жатады. ["Ұлы элементтер" аспектісінің]
үшіншісі осындай.