80
карманың әлсіреуі жүзеге асады, ал сананың қызметі бейнесін аңғаруға да [сондай-ақ], тек
жинақталу арқасында жетеді. Карма көздерінің әлсіреуі салдарынан, йог өзінің санасының
әрекеті бейнесін аңғарады, санасын жеке денесінен "алып тастап", оны басқа денеге
"орналастырады", ал "ауыстырылған" сананың соңынан және сезім мүшелері ереді.
Аналық араның соңынан басқа аралардың ұшатыны және ол отырғанда отыратыны
сияқты, сезім мүшелері де солай, қашан сана басқа денеге кіргенде, оның соңынан ереді.
39.[Осындай] судай, ми батпақтай, тікендей және сол сияқты кедергілер уданды
бағындыру салдарынан жеңіледі, сонымен қатар [өлгеннен кейін аспанға] шығатын
[қабілет пайда болады].
Барлық сезім мүшелерінің паранамен және басқа [факторлармен] бүтіндей бірге жұмыс
істеуі, [атап айтқанда] тіршілік әрекеті болады. Ол бес түрлі. Прана — мұрын және ауыз
арқылы жүзеге асатын жүрекке шейін әрекет істейтін қозғалыс. Самана болса, біркелкі
таратылуынан кіндікке шейін әрекет етеді. Апана, [өмірлік күштерді] төмен
бағыттайтындығынан, өкшеге шейін әрекет істейді. Удана, жоғары жүріп, басқа шейін
әрекет істейді. Вьянаға салса, онда ол барлық [денеге] өтіп кетеді. Осындай бес [өмірлік
күштердің] бастысы — прана.
[Осындай] удананы өзіне бағындыру арқылы судай, ми батпақтай, тікендей және сол
сияқты кедергілерді жеңуге йог қабілетті болады], сондай-ақ, саналы өлім сәтінде оның
шыңына шығу [қабілетін] табады. Бұның бәріне [удананың] қадағалауы салдарынан
жетеді.
40. Самананы бағындыру салдарынан жарқыраған сәуле тарату [пайда болады].
Самананы қадағалаған [йог], [ішкі] отын үрлеп жарқыраған сәуле таратуды табады.
41. Санъяма арқасында есіту мүшесі мен акаша арасындағы байланыстан құдайлық
есітілулер [пайда болады].
Акаша барлық есіту мүшелері мен барлық дыбыстардың физикалық] негізінде алға
шығады. Осыған байланысты: "Кімнің есіту қабілеті бір және сол кеңістік [түріне] жатса,
солардың бәрінде осы кеңістікке тиесілі есіту қабілеті көрінеді",— деп айтылады. Одан
әрі, бүл акашаның айырмашылық белгісі [шексіз] өткізгіштік болады. Осындай бейнеде
барлық материалдық еместер [физикалық] қарсы әрекетті көрсетпейді, сондықтан бәріне
өтіп кету қасиетінің болуының, сондай-ақ және акашанікі де болатыны мойындалады.
Есіту қабілетінің [бар болуы] дыбыстың қабылдануы негізде қисынды шығарылған болуы
мүмкін. [Солай, егер екі индивид болса]: саңырау және саңырау емес, онда біреу
дыбыстарды қабылдайды, ал басқасы қабылдамайды. Сондықтан, нақ есіту қабілеті,
[демек есітудің] өзінің объектісі дыбыстың бар болуы. Санъямаға, есіту мен акаша
арасындағы байланысқа, жаттығатын йогтың құдайлық есіту қабілеті пайда болады.
42. Дене мен акаша арасындағы байланыс санъямасы арқасында немесе сананың
мақтадай] жеңілдікке жинақталуы салдарынан акашада қозғалу [қабілеті пайда
болады].
Барлық жерде, қайда [физикалық] дене болса, акаша да сонда болады, өйткені ол дене
үшін сиымды орын береді. Акашамен байланыс [осындай кең орынды] табу болады. Осы
[байланыстағы] санъямаға жаттыққан [йог], [акашамен] байланысты озіне бағындырады.
Ал [сондай] жеңіл, мақта және сол сияқты атомдарға шейін [қайсы бір объектілерде] сана