Page 79 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

79
[Жүректе], Брахманың осы қамалында, кішкене лотос — мұнда ұғыну қабілеті
жойылмайтын орын [бар болады]. [Жүрек лотосындағы] санъяма салдарынан сананы
ұғыну жетіледі.
35. Тәжірибе сана актісі (немесе мазмұны) болады, онда [бір-бірімен] шексіз
араласпайтын Пуруша мен саттва айырмашылығы жоқ, сондықтан [саттва] басқа
үшін объект болатын қасиетімен [анықталады]. Санъяма арқасында жеке мақсат үшін
[не өмір сүрсе, сонда] Пуруша білімі [пайда болады].
Анықтыққа ұмтылатын (буддха) парасатының саттвасы мен тең бейнеде байланысқан
раджас пен тамасты жеңіп, саттва мен Пуруша арасындағы [сапалы] айырмашылықты
жете түсінуге ауысады. Өз табиғатында өзгені, таза "тек — қабылдауды" көрсететін
Пурушаға не жатса сол, [тоқтаусыз] ауысу үдерісінде болатын саттвадан жоғарғы
дәрежедегі айырмашылықта болады.
Тәжірибе (сөзбе — сөз "ләззат",— ауд.) сана мазмұны болады, онда объектілер
қасиеттерінің Пурушаға "көрінетін болуы" нәтижесінен осы екі шексіз араласпайтын
[мәндердің] арасындағы айырмашылық жоғалады. [Нақ осылайша] жөне тәжірибеде [бар
болатын] сананың мазмұны не "көрінетін болуы керек" болса сол, сондықтан саттва басқа
үшін объект болатын қасиетке ие болған. Дегенмен осы [саттвадан] не ажырайды және
[таза] сананың өзінің сыртқы түрін көрсетеді сол, Пурушаға жататын сананың өзге
мазмұны болады. Осындай [сана мазмұнының] санъямасы арқасында өзінің объектісі
Пуруша болатын даналық пайда болады. Өз табиғатында (буддха) парасатының саттвасы
болатын Пурушаның, Пуруша туралы түсінік жәрдемімен көрілетін Полуы мүмкін емес.
Жеке мәніне сүйенетін ретіндегі сананың |осы] жағдайын Пурушаның өзі көреді. Солай,
осыған байланысты: "Айтшы, кіммен, Танитын танылған болуы мүмкін" деп айтылады.
36. Одан [интуитивтік] көрегендік [және паранормальдық қабілеттер], есіту, сезу,
көру, дәм және иіс сезімі пайда болады.
Интуитивтік көрегендік арқасында, нәзік, жасырын, қашықтағанның, өткеннің және
болашақтың ұғынылуы |пайда болады]. [Жетілген] есіту қабілетінің арқасында, құдайлық
дыбыстарды есіту; түйсік қабілеттері арқасында — құдайлық сезінуді табу; көру
қабілетінің арқасында — құдайлық түрлер мен түстерді қабылдау; дәм сезу қабілеті
арқасында — құдайлық дәмді қабылдау; иіс сезімі қабілеті арқасында — құдайлық хош
иісті сезіну [мүмкін болады]. Бұл [қабілеттер] тұрақты пайда болады.
37. Олар [йогалық] жинақталу және сана жағдайының оянуындағы [сиқыршылық]
"жетілгендікке " кедергілер болады.
Санасы жинақталған [йогте] көрінетін бұл [интуитивтік] көрегендік және басқа
[қабілеттер] кедергілер қызметін атқарады, сондықтан осындай [сана жағдайында] олар
[тауып алынған] елестеуге қарсы әрекеттенеді. [Бұл қасиеттер] санасы оянған, [демек
белсенді] жағдайда [индивидге] қашан байқалса, [олар сиқыршылығы] "жетілгендік"
[болып] көрінеді.
38. Тәуелділік себебінің әлсіреуі салдарынан және сананың әрекеті бейнесін аңғарудан
оның басқа денеге кіруі [мүмкін болады].
Карма іздерінің жасырын көрінуі салдарынан (манастың) өзгергіш, тұрақсыз ақылының
[сәйкес келетін физикалық] денеге бұғаулануы, оның тұрақтанғанын білдіреді, —
[анықтама] мәні осындай. Жинақталу арқасында "бұғаулану" себебі ретіндегі бұл