7
5. (Атман)
Айтарея-араньяка, II, 3
1. Атманды дүниенің бәрін құрайтын бестік әндер деп білетіндер — даналар. Жер, жел,
ауа, су, аспандағы денелер — бөрі де атман, бестік әндер. Бәрі де содан пайда болады. Бәрі
де сонымен аяқталады. Осыны білетін адам өзіне ұқсайтындардың баспанасына айналады.
Кімде-кім асты және сіңдіретін тамақты білсе, онда тамақты сіңдірушілік пайда болады
да, жегені оған бұйырады. Тамақ — су мен топырақта, ішер асың солардан тұрады. Жарық
пен жел — ішкен тамағыңды бойға сіңіруші, организм солар арқылы ғана асты бойда
қорытады. Кеңістік — ыдыстай, бәрі де соған құйылады. Мұны білген жан өзіне ұқсас
адамдардың баспанасына айналды. Қоректенуін білетіндерде асты қорытушылық
қалыптасты, ас оған бұйырды. Өсімдіктер мен ағаштар — тамақ, тамақты қорытушы
жануарлар ғана өсімдіктер мен ағаштарды жейді. Қос жақтарының жоғарғы және төменгі
тістері бар жануарлар ғана тамақты қорыта алады, әрі адамға ұқсап жаратылды,
қалғандары қоректікке жаралды. Сондықтан олар жануарлардың жоғары сатысын құрды,
асылы, олар қорытылатын тамақтың өзінен де жоғары тұрды. Мұны білгендер өзіне
ұқсастарды жеңеді.
2. Кім атманды дұрыс білсе, ол (бұл дүниеде) ұзақ өмір сүреді. Дүниеде өсімдіктер,
ағаштар және жануарлар бар, ол білгір атманды (олардан) артығырақ таниды. Өсімдіктер
мен ағаштарда — шырын, жәндік жануарларда сезім бар. Атман жануарларда айқын
тазалыққа жетеді. Үйткені оларда шырын бар да, басқаларында (өсімдіктерде,
жануарларда — ред.) ой жоқ. Атман адамда тазара түседі. Үйткені адамның ақылы
анағүрлым жетілген. Ол білгені туралы айта алады, білгенін көре алады, ол ертеңіне (не
болатынын) болжап, бүл дүниені және бүл дүниеге жатпайтынды біледі. Әбден жетіп
отырып өзі пенде болса да өлім арқылы мәңгілікке ұмтылады. Басқа жануарлардың
қимыл-әрекеті аштық пен құмарлық арқылы түрленеді. Жануарлар түйсінгенін айта
алмайды, олар білгенін көре алмайды. Олар ертең (не болатынын) білмейді, олар бұ дүние
мен оған жатпайтын дүниені білмейді. Олар осындай, үйткені олардың түсінігі де,
тіршілігі де сондай.
6. (Адам)
3. Бұл адам — теңіз, ол қалған күллі дүниеден жоғары тұр. Ол не нәрсеге қолы жетсе де,
олардан жоғары тұруға тырысады. Егер ол әлемнің ауа кеңістігіне жетсе, онда одан да
жоғары болғысы келеді. Егер ол сол дүниеге жетуді діттесе, одан да жоғарылауды
армандар еді. Бүл адам бес құрамдас бөлшектен тұрады. Оның жылуы — жарық. Тесіктері
— кеңістік. Қан, шырыш және ұрығы — су. Денесі — жер. Тынысы — ауа. Ауа бес
бөліктен — прана, апана, въяна, самана, уданадан тұрады. Көру, есіту, ой, сөйлеу сияқты
құдіреттер прана мен апананы құрайды. Өйткені олар тыныспен бірге сыртқа шығады.
Ауа сөз бен тыныс қосындысына айналып, құрбандықтың мән-жайын құрайды.
Құрбандық рәсімі де бес бөліктен тұрады. Бұл — агнихотра, әрбір төрт айдағы жаңа ай
мен толған ай кезінде шалынатын құрбандық, жануарларды сомаға арнап құрбан шалу.
Сомаға құрбандық шалу — құрбандықтың ең қасиетті түрі, өйткені онда оның осы бес
түрі де кезігеді. Жан жаратылысына қарай құрбандық шалу — біреу, одан кейінгі құймасы
— үшеу, бесіншісі — құрбандықтың соңғы түрі.
7. (Барлық нәрсенің атманнан шығуы туралы)
Айтарея-араньяка, II, 4