Page 78 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

78
Брахма [әлемі] сатысының үшіншісінде: Сатья әлемін құдайлардың төрт сыныбы
мекендейді: Ачьюта, Шуддханиваса, Сатьябха жөне Санджняасанджни. Олардың
анықталған мекені жоқ, өздеріне — өздері "сүйенеді" және бірінің үстіне бірі орналасады.
[Бұл құдайлар сыныбы] прадханаға [ең алғашқы себепке] үстемдік етеді және космостық
жасампаздық кезең қаншаға созылса, сонша омір сүреді. Олардан Ачьюта талғап алынған
пайымдаудан, Шуддханиваса — рефлексивтік пайымдаудан, Сатьябха — таза ләззат
пайымдауынан, ал Санджняасанджни — тек өзіндік пайымдаудан қанағат табады.
Олардың [бәрі] сондай-ақ, үштік әлемде қалады. Осы жеті әлем Брахма әлемдерінің мәні.
Дегенмен сол, кім жүзеге асырылуға жетіп, пракритиге қосылса, еркіндік жағдайында
болады, және бір де бір әлемде болмайды.
Күн "есігінде" санъямаға жаттығып, йог бұл [ғаламды] тікелей қабылдауға жетуі керек.
Содан кейін басқа [объектілерде де], ол қашан [тікелей] қабылданатын болғанға дейін
[санъямаға] жаттыға берсін.
27. Айда [санъяма арқасында] жұлдыздар орналасуының білімі [көрінеді].
Ай туралы санъяманы жаттығып, [йог] мейлі жұлдыздар орналасуын ұғынсын.
28.Полярлық жұлдыздар [санъямасы арқасында] олардың қозғалыс білімі [пайда болады],
Содан кейін, Полярлық жұлдызда санъямаға жаттығып, ол мейлі жұлдыздар қозғалысын
айырсын. Аспан құралдары қозғалыстары туралы санъяма жаттығуларын пайдалану,
оларды тануға мүмкіндік береді.
29. Кіндік ұясындағы [санъяма арқасында] дене құрылымы білімі [көрінеді].
Кіндік ұясы санъямасынан кейін [йог] дене құрылымын ажыратуға қабілетті. Ол үш
гуморальды құрастырушыны: жел, от және шырышты және жеті [денелік]
субстанцияларды қосады. Бұлар — тері, қан, ет, сіңірлер, сүйектер, жұлын және ұрық.
Бұнда әрбір алдыңғы болып өткен [субстанциялар] орналасуының реті келесіге қатысында
сырттай болады.
30. Көмей [санъяма арқасында] аштық пен шөлдеу жойылады.
Хорда тілдің астында [болады], оның астында — тамақ, одан кейін — көмей. Онда
санъяма арқасында [йогке] аштық пен шөлдеу енді мазасыздық әкелмейді.
31. Тасбақа түтігінде [санъяма арқасында] қимылсыздық жетіледі.
Көмей астында кеудеде өз түрімен тасбақаға [ұқсаған] түтік [бар]. Ондағы санъяма
арқасында жылан және кесірткенікіндей қимылсыздық жағдайы жетіледі.
32. Бастағы жарық сәуле [санъямасы] арқасында сиддхалар көрінуі [пайда болады].
Шүйде қорабының ішкі қуысы [болады], [онда] жарқыраған сәуле шашу [пайда болады].
Оның санъямасы арқасында [йог] жер мен аспан ортасындағы кеңістікте жүретін
сиддхаларды көру қабілетіне [ие болады].
33. Ал интуитивтік турға бөлену арқасында бәрін [басқару жүзеге асады].
Азаптан құтылуға не алып келсе, сол интуитивтік нұрға бөлену деп аталады. Бұл ажырату
туындататын білімнің бастапқы түрі. Ол күннің шығуының алдын — алатын таң жарығы
тәрізді. Және интуитивтік нұрға бөлену қашан пайда болғанда, онда йог соның көмегімен
бәрін таниды.
34. Жүрек [санъямасында] сананы ұғынуға [жетеді].