77
Сонымен бұл көлемі жүз мың йоджан [Джамбу құрлығы] Сумерудан барлық бағыттарда
бүл қашықтықтың жартысына жазылып жатыр. Бүл көлемі жүз мың йоджан, центрлес түрі
бар Джамбу құрлығы тұзды мұхиттар мен қоршалған және [Джамбудвипы көлемінен] екі
есе артық. Одан әрі әрқайсысы алдыңғысынан екі есе үлкен Шака, Куша, Краунча,
Шалмала, Магадха және Пушкара құрлықтары орналасқан. Оларда шашылған қыша
тұқымдарының үйіндісіне ұқсас керемет төбелер бар. [Оларды] қант қамысы шырыны,
шарап, тазартылған май, қаймақ, қатық, сүт, және сірне дәмдеріне [сәйкес келетін] дәмі
бар жеті теңіз сулары жуады.
Жеті топталған теңіздермен жуынатын және Локалька тауларымен қоршалған бұл
құрлықтар бес жүз миллион йоджанға жазылып жатыр. Және осы барлық жетілген кескін
үйлесімі [Әлемдік] жұмыртқаның ортасында орналасқан. Жұмыртқа — прадхананың
майда бөлшегі, ауа кеңістігіндегі жарқырауық қоңызға ұқсайды. Бұнда төменгі ортада,
мұхитта және тауларда асуралар, гандхарвалар, киннарлар, кимпурушулар, якттар,
ракшастар, бхуталар, преттер, пишачтар, апасмарактар, апсарлар, кушмандтар, винаяктар,
құдайлар сыныбына жататын [жан иелері] өмір сүреді. Барлық құрлықтарды қайырымды
құдайлар және адамзат мекендейді. Сумеру — бүл отыз [сыныпқа бөлінетін құдайлардың]
бақытты болатын орны. Осында ләззат бақтары — Мишравана, Нандана, Чайтраратха
және Суманаса бар. Судрахма — [қайда] құдайлардың кеңеске жиналатын [орыны],
Сударшапа — олардың қаласы, ал Вайджаянта — Сарай. Полярлық жұлдызға бекітілген
планеталар, шоқ жұлдыздар және жұлдыздар [космостық ] желдің итеруші күшіне
бағынып қозғалады. Оның бәрі Сумерудің үстінде орналасқан және оны айнала
дөңгелейді.
Махендра әлемін отыз [сыныпқа] бөлінетін алты құдайлар сыныбы: Агнишвата, Ямья,
Тушита, Апаранир — Митаваша-варти және Паранирмитавашварти, [демек, "сиқырмен
жаратылғандардан қанағат табатын құдайлар"] мекендейді. Олар [өздерінің тілектерін тек
бір] ойлармен жүзеге асырады, [атом өлшеміне дейін кішірейетін] аниманың [жетілген
қабілеттеріне] ие болған, бүтін қалпында өмір сүреді, сырттай әдемі және сезімдік
ләззаттар жолын қуған. Олардың денелері өзінен туындайтын ұрықсыз, қансыз жетілген
түрдегі ғажап бейнеде пайда болады, олар әрқашан сүйкімді апсаралармен қоршалған.
[Сонымен катар], Махат [демек, "ұлы" аталатын] Праджапати әлемін құдайлардың бес
сыныбы мекендейді: Кумуда, Рибху, Пратардана, Анджанабха және Прачтабха. Олардың
бәрі "ұлы элементтерді" өздеріне бағындыру қабілетіне ие болған; олардың тағамы —
йогалық жинақталу, ал олардың өмірлерінің ұзақтығы — мың қалып.
Брахма [әлемінің] бірінші сатысы — Джананы құдайлардың төрт сыныбы [мекендейді]:
Брахмапурохита, Бракмакайка, Брахмамахакошка және Амара. Олар өздеріне "ұлы
элементтер" мен сезім мүшелерін бағындыратын қабілетке ие болған. Брахма [әлемінің]
екінші сатысы — Тапасты құдайлардың үш сыныбы [мекендейді]: Абхасвара,
Махабхасвара және алтьямахабхасвара. Олар өздеріне "ұлы элементтерді", сезім
мүшелерін және пракритиді бағындыру қабілетіне ие болған. Бұл сынып] құдайларының
әрбірінің өмірлерінің ұзақтығы алдыңғылардыкінен екі есе артық. Йогалық жинақталу
олардың тағамдары қызметін атқарады, және олар әрқашан ұстамдылықпен өмір сүреді.
[Олардың] білімі, болашақ жоғарғы [ортаға] бағытталған, [ешқандай] кедергілерді
кездестірмейді, ал төменгі ортада олардың ойынан жасырын болатын бірде-бір объект
өмір сүрмейді.