76
Санъяма арқасында піл күшінен [йогте] піл күші пайда болады; санъяма арқасында
[Гарудтер патшасы] Вайнатеи күшінен Вайнатеи күші пайда болады; санъяма арқасында
жел күшінен жел күші пайда болады және тағы сол сияқты.
25. Жарықтың бағыттылығы арқасында [манас] қызметінен нәзік, жасырын және
алшақ тағы [объектілер] білімі [пайда болады].
Манас қызметі [демек, интеллекті] бұрын жарық түсіруші аталған болатын. Йог оның
жарығын нәзік немесе жасырын, немесе өте қашық объектіге бағыттап, осындай
объектінің білімін табады.
26. Санъяма арқасында Күнде Ғаламдық білім [пайда болады].
Ол жеті әлемді кірістіреді. Оның ішінде Жер әлемі Авачидан Меру [тау] шыңына дейін
созылып жатыр. Меру шыңынан бастап, полярлық жұлдыздарға дейін әртүрлі
планеталарымен, шоқжұлдыздарымен, жұлдыздарымен аралық кеңістік әлемі
[орналасқан]. Олардың үстінде бестік Аспан әлемі жазылып жатыр.
[Бұл әлем] үшінші әлем — Махендраны [қосады], төртінші — Махат Праджапати әлемі
және Брахманың үштік [әлемі], нақтысы [бесінші] — Джана әлемі, [алтыншы]— Тапас
әлемі және [жетінші] — Сатья әлемі. Жалпы өлең шумағында: "Брахма әлемі үш сатыдан
[тұрады], одан төмен — Праджапатидің Ұлы [әлемі] және Махендра [әлемі]. [Олар бірге]
Свар аталады, [немесе Аспан әлемі]. [Аралық кеңістік] күмбезінде — жұлдыздар, Жерде
— тірі жан иелері" — деп айтылады.
Сонан соң, Авичи [тозағы] үстінде бірден Ұлы тозақтың қаттыға, суға, отқа, желге,
акашаға және қараңғылыққа — Махакала, Амбариша,Раурава, Махараурава, Каласутра
және Андхатаммисраға сүйенетін алты сатысы бірізді орналасады. Осында азапты және
ұзақ өмірді және өзінің кармасына байланысты [сансыз] азап шегулерді көретін тірі жан
иелері туылады.
Олардың үстіне Махакала, Расатала, Атала, Сутла, Витала, Галатула және Патала
аталатын жеті төменгі аймақ [орналасқан]. Сегізінші [аймақ]— бұл орталығында Сумеру
тауының алтын патшайымы көрініп тұратын, оның жеті құрлықтарымен Васумати жері.
Оның шындары күмістен, назуриттен, хрустальдан және алтыннан болады. Аспанның
оңтүстік бөлігінің лазуриттей нұр шашуынан, оның үстінде көк лотос жапырақтарындай
қара көк [түстер] шағылысуы арқасында шығыс — ақ түсті, батыс — [хрустальдай]
мөлдір; солтүстік — қарақошқыл түсті.
Оңтүстік баурайда Джамбудвипа құрлығына атау беретін Джамбу ағашы [Сумеру
гүлдейді]. [Сумеру шыңына] бекітілгендей күн қозғалысы өлшемімен [бұнда бір-бірін]
күн мен түн ауыстырады. Оның солтүстігіне қарай көк жөне ақ шындарымен үш таулы
тізбек екі мың [йоджанға] созылып жатыр. Олардың арасында әр қайсысы тоғыз мың йод
жанға орын тепкен үш аймақ: Раманака, Хиранмая жөне Уттара Куру бар.
[Сумеруден] оңтүстікке Нишадха, Хемакута және Химашайла [әрқайсысы] екі мың йод
жанға созылып жатқан таулар тізбегі орналасқан]. Олардың ортасында — үш аймақ:
Хармварша, Кимпуруша және Бхарата бар, олардың әрқайсысының [ұзындығы] тоғыз
мың йод жан. Сумерудан шығысқа қарай Мальяват тауларымен қоршалған Бхарашва
аймағы, ал батысында Гандхамадана [тауларымен] қоршалған Кетумала [аймағы жатыр].
Орталықта Илаврата [аймағы бар].