Page 75 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

75
21. Санъяма арқасында дененің сыртқы түрінде, оның қабылданатын болу қабілетін
жойғанда, көру мүшесі мен жарық арасындағы байланыстың тоғарылуы нәтижесінен
көрінбеушілік пайда болады.
Санъяма арқасында денесінің сыртқы түрінде [йог] қабылдау объектісі болатын тұр
қабілетін жояды. Қабылданушы болатын қабілет үшін кедергілердің бар болуынан, қашан
көру мүшесі мен жарық арасындағы байланыс болмағанда, йог көрінбейтін болып тұрады.
Дыбыс пен тағы басқалардың жоғалуын [көрінбейтіндер туралы] не айтылған болса,
сонымен ұқсастықта түсіну керек.
22. Кармада тікелей нәтиже және уақытта жылжытылған нәтиже [болуы мүмкін];
санъяма арқасында карма, немесе жаман нышандардың негізінде алдағы өлім туралы
білім [пайда болады].
Карма осы өмір бойында пісіп жетіліп: тікелей нәтиже беруші және уақыттан қалушы
нәтиже әкелуші болып екі түрге бөлінеді. Тікелей нәтиже беретін [карма] болашақ кептіру
үшін жайылған, қысқа уақытта кебетін ылғал киім сияқты; ал уақыттан қалатын нәтиже
алып келетін [карма] кейіншектей оралған, сол ұзақ уақыт кебетін киім сияқты. Немесе
тағы [бір ұқсастық]: [карманың] тікелей нәтижесі құрғақ шөпке түскен және жел үрлеген,
бәрін өте тез жандыратын оттай болса; карманың уақыттан қалған нәтижесі сол мен
шөмелелеріне бірізді әкелінетін, оларды өте ұзақ жандыратын оттың өзіндей. Сонымен,
бір өмірмен шектелген және оның ұзақтығын анықтайтын карма, екі түрлі болады: тікелей
нәтиже беретін және уақытта жылжытылған нәтиже әкелетін. Санъяма арқасында бұнда
[йогте] алдағы өмірдің аяқталуы туралы білім [пайда болады].
Немесе, [сутрада] "жаман нышандар негізінде" деп айтылғандай. Жаман нышандар үш
түрлі: [индивидтің] өзіне қатысты болатын, басқа тірі жан иелеріне қатысты болатын және
құдайшыл жан иелеріне жататын. Олардың ішінен [ индивидтің] өзіне қатыстысы сол,—
қашан ол жабылған құлақтарымен өздерінің жеке денесіндегі дыбыстарды есітпейді
немесе [қашан] ол жабылған көздерімен [ішкі] жарықты көрмейді. Басқа жан иелеріне
қатысты болатын [нышан],— [сол, қашан] ол Яма жіберген елшілерді көреді, [немесе
қашан] ол [өңіндегідей] алда қашан өлген аталарын кездейсоқ көреді. Құдайшыл жан
иелеріне жататын [нышан],— [қашан] ол кездейсоқ аспан [жұмағын] немесе сиддухтарды
көреді, немесе [қашан] ол бәрін төңкерілген түрде көреді. Осыдан ол сондай-ақ, жақындап
қалған қаза туралы біледі.
23. Достық қалып [санъямасы арқасында] және басқа [сезімдерде] [достық қалып және
басқа сезім] күштері пайда болады.
Достық қалып, қайғыға ортақтасу және қуаныш — үш [игілікті] сезім. Сонымен, бақытты
жағдайда болатын тірі жан иелеріне деген қатысында өзінде достық қалыпты тәрбиелейтін
[йог], достық қалып күшіне ие болады; азап шегуге душар болған [жан иелерінің]
қайғысына ортақтасуды әдетке айналдырып, ол қайғыға ортақтасу күшіне не болады;
ізгілікке икем [жандарға] қатынасында қуанышты әдетке айналдырып, ол қуаныш күшіне
ие болады.
[Осы сезімдерді] әдетке айналдырғанда [пайда болатын] жинақталу — санъяма болады.
Демек, одан қуат кедергілерін кездестірмейтін күштер туылады. Дегенмен, соларға, күнәға
бейімдерге қатысында, алаламау йогтың әдетке айналдыруы керек] сезімі емес, және
осыдан онда жинақталу болмайды. Сондықтан алаламаудан [ешқандай] күштер пайда
болмайды, өйткені онда санъяма жоқ.
24. Күштерде [санъяма] арқасында піл күші және басқа [күштер пайда болады].