Page 74 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

74
[сана өрістеуінің] тоқтауы, |аффектілердің] потенциалдық қуаты, өмірге қабілеттілік және
дхарма, сананың қабылданбайтын құбылыстары болып көрінеді. Осындай
[құбылыстардағы] санъяма жаттығулары тікелей санскарға жетуге алып келуге қабілетті.
Дегенмен, оларға жету кеңістік, уақыт және туындайтын жағдай туралы сезімдік
тәжірибесіз мүмкін емес. Сондықтан тек осындай тікелей жету нәтижесінде йогтерде
өткен дүниеге келу білімі пайда болады.
Нақ осылай және тікелей санскарларға жетудің арқасында, өмір сүрудің өзге түрлерінде
басқа [тірі жандар] мен дүниеге келудің өткенді шолатын білімі [көрінеді]. Мысалы,
келесі оқиға белгілі. "Бхагаван Джайгишавья, тікелей санскарды андауы арқасында
[Ғаламды жасаудың ] он ұлы кезеңдері бойына [жеке ] өмір сүру түрлері өзгерістерінің
бірізділігін бақылаудан жоғарғы ажырататын білімді табады. Сонда Бхагаван Аватья адам
бейнесінде оған келіп: "Ғалам жасалуының он ұлы дәуірі бойында сенің парасатыңның
саттвасы [раджаспен де, тамаспен де] лайланған жоқ, сен жануарлар мен тозақ
тұрғындарының ортасында туылумен шақырылған азап шегуді көрдің. Құдайлар мен
адамдар арасында қайта-қайта туылып, сен нені көп көрдің, — бақытты ма, әлде азап
шегуді ме?" — деп айтады.
Және Джайгишавья Бхагаван Аватьяға: "Ғалам жасалуының он ұлы дәуірі бойында менің
парасатымның саттвасы болашақ лайланбай [раджаспен де, тамаспен де] басылмады, мен
жануарлар мен тозақ тұрғындарының арасында туылу себепші болған азап шегуді көрдім.
Құдайлар мен адамдардың арасында қайта-қайта дүниеге келіп, мен көрген
қиыншылықтың бәрі тек азап шегу болды. Мен осылай пайымдаймын," — деп жауап
берді. Бхагаван Аватья, "Ал ең алғашқы себепке Сіздің Шапағатыңызды және
қанағаттанудың жоғарғы бақытын — бұларды тағы да [болуға тиісті] азап шегуге тануға
болады ма?" — деп сұрайды.
Бхагаван Джайгишавья: "Бұл қанағаттану бақыты, тек сезімдік объектілерге [ие болу]
бақытына қатысында жоғарғы есептеледі; бірақ шексіз босануға қатысына ол тек азап
шегу болады" — деп айтады. Бұл [қанағаттану бақыты] дегеніміз парасат саттвасы қасиеті
ретіңдегіден басқа еш нәрсе емес. [Сонымен ол ] үш [табиғатына ие болған], ал үш
гунмен [не байланыстының бәрі туралы] түсінік не жойылуы керек болса, соған жатады.
Осыған байланысты: "Тілек тізбегінің азап шегу табиғаты бар. Бірақ тілек туындатқан
азап шегу жалынынан құтылу арқасында осы өзін — өзі еркін билейтін, кедергілерді
білмейтін, бәрі игілікті бақыт [пайда болады]" — деп айтылады.
19.
Танымдық акт мазмұнын [тікелей қабылдау арқасында] басқа біреудің
ментальдік білімі [пайда болады].
Санъямада, оның тікелей қабылдануы ретіндегі, танымдық акт мазмұнында басқа
[индивидтердің] ментальдік білімі пайда болады.
20.
Бірақ оның сүйенішімен бірге емес, сондықтан [сыртқы сүйеніш] оның [таным ]
объектісі болып алға шыға алмайды.
[Йог басқа индивидтердің] сана мазмұнының аффективті түрленуін қабылдайды, бірақ
аффективті түрленумен [байланысқан] сол сүйенішті қабылдамайды. Егер басқа
[индивидтің] танымдық актісінің [сәйкес келетін] сүйеніші болса, онда бүл [сүйеніш] йог
санасының объектісі болуы мүмкін емес. Осындай объект болып тек басқа [индивидтің]
сана мазмұны алға шығады.