73
тұрғындарының ортасында туылумен шақырылған азап шегуді көрдің. Құдайлар мен
адамдар арасында қайта-қайта туылып, сен нені көп көрдің, — бақытты ма, әлде азап
шегуді ме?" — деп айтады.
Және Джайгишавья Бхагаван Аватьяға: "Ғалам жасалуының он ұлы дәуірі бойында менің
парасатымның саттвасы болашақ лайланбай [раджаспен де, тамаспен де] басылмады, мен
жануарлар мен тозақ тұрғындарының арасында туылу себепші болған азап шегуді көрдім.
Құдайлар мен адамдардың арасында қайта-қайта дүниеге келіп, мен көрген
қиыншылықтың бәрі тек азап шегу болды. Мен осылай пайымдаймын," деп жауап берді.
Бхагаван Аватья, "Ал ең алғашқы себепке Сіздің Шапағатыңызды және қанағаттанудың
жоғарғы бақытын — бұларды тағы да [болуға тиісті] азап шегуге тануға болады ма?" —
деп сұрайды. Бхагаван Джайгишавья: "Бұл қанағаттану бақыты, тек сезімдік объектілерге
[ие болу] бақытына қатысында жоғарғы есептеледі; бірақ шексіз босануға қатысына ол тек
азап шегу болады" — деп айтады.
Бұл [қанағаттану бақыты] дегеніміз парасат саттвасы қасиеті ретіңдегіден басқа еш нәрсе
емес. [Сонымен ол ] үш емес. Тап осылайша, [етістікпен] белгіленетін әсердің оның
жүзеге асуының тәсілісіз болуы мүмкін емес. Біз қашан "пісіреді" деп айтсақ,
қажеттілікпен [айтылғанның] мәнін айқындайтын [имплицитті] барлық актанттар
кіргізіледі: агент — Чайтра [есімді адам], объект — күріш ботқасы, құрал — от.
Сондай-ақ, сөз құрылысының сөйлемнің мәнін [беруге қабілетті] болатынын көреміз:
"шротрия" — сол, кім ведалық мәтіндерді жатқа біледі, "өмір сүреді" — өмірлік тынысын
сақтаған (адам). [Сонымен қатар] сөз мәні сөйлемде көрінеді; сондықтан, сөздің әрекеті
немесе атаулар мен етістіктер қатынасын көрсететін анықтау үшін, ол [сөйлемнен]
бөлектенген, және граматикалық талданылған болуы керек. Қарсы жағдайда [осындай
сөздер], қайсы — "бхавати", "ашвах", "аджапая" және басқалар түсініксіз болады, өйткені
сыртқы түрінде олар атаумен де жөне етістікпен де үйлеседі, оларды әрекет ретінде
немесе актант ретінде қалай қарастыру [және түсініксіз].
Сөздер, объектілер мен түсініктер арасында айырмашылық бар болады. Мысалы, "сарай
ағараңдайды — бұнда әрекет есте болса; "ақ сарай" — анықтама есте болып отыр. Сөз
өзінің табиғатында әрекетті және қатынасты, сонымен қатар объекті мен мағынаны
[көрсетеді].
—
Неге?
—
"Ол осындайды" байланысы салдарынан, шартты сөз қолданысында мән
бірдей болады. [Ақиқат] ақ объектіге ненің байланысы бар болса, онда ол
сөз бен түсініктің [сыртқы] тірегіңдей алға шығады. Жеке күйінің өзгерісі
үдерісінде бола тұрып, [ақиқат объект] сөз бен де, санамен де қосақталып
жүрмейді.
Ұқсас жағдайда сөз бен мағынаның [ақиқатта] бір-біріне ара қатынасы жоқ. Сөз — бұл
бір, объект — басқа, мағына — үшінші, бұлардың айырмашылығы осында болады.
Сонымен, санъяма салдарынан, олардың айырмашылығынан йогтарда барлық тірі жан
иелері [шығаратын] дыбыс білімі пайда болады.
18. Тікелей санскарға жету арқасында өткен туылу білімі пайда болады.
Бұл санскарлар екі [түрлі]: жад себептері және аффектілер, санасыз әсер іздері түрінде
[алға шығатын] және дхарма және адхарма түрінде [алға шығатын карма жемістерінің]
жетілу себебі ретінде белгілі. Өткен өмір сүрулерде қалыптасқан олар, [сана] күш салуы,