72
Одан ары, барлық сөздердің сөйлемнің [аяқталғанын] көрсету қабілеті болады. Сонымен,
қашан біз "ағаш" деп айтсақ, онда [ненің] өмір сүретіні түсінікті, сондықтан сөзбен
белгіленетін объект — өмір сүруінен айрылған болуы мүмкін емес. Тап осылайша,
|етістікпен] белгіленетін әсердің оның жүзеге асуының тәсілінсіз болуы мүмкін емес. Біз
қашан "пісіреді" деп айтсақ, қажеттілікпен [айтылғанның] мәнін айқындайтын
[имплицитті] барлық актанттар кіргізіледі: агент—Чайтра [есімді адам], объект — күріш
ботқасы, құрал — от.
Сондай-ақ, сөз құрылысының сөйлемнің мәнін [беруге қабілетті] болатынын көреміз:
"шротрия" — сол, кім ведалық мәтіндерді жатқа біледі, "өмір сүреді" — өмірлік тынысын
сақтаған (адам). [Сонымен қатар] сөз мәні сөйлемде көрінеді; сондықтан, сөздің әрекеті
немесе атаулар мен етістіктер қатынасын көрсететін анықтау үшін, ол [сөйлемнен]
бөлектенген, және граматикалық талданылған болуы керек. Қарсы жағдайда [осындай
сөздер], қайсы — "бхавати", "ашвах", "аджапая" және басқалар түсініксіз болады, өйткені
сыртқы түрінде олар атаумен де және етістікпен де үйлеседі, оларды әрекет ретінде
немесе актант ретінде қалай қарастыру [және түсініксіз].
Сөздер, объектілер мен түсініктер арасында айырмашылық бар болады. Мысалы, "сарай
ағараңдайды — бұнда әрекет есте болса; "ақ сарай" — анықтама есте болып отыр. Сөз
өзінің табиғатында әрекетті және қатынасты, сонымен қатар объекті мен мағынаны
[көрсетеді]. — Неге?
"Ол осындайды" байланысы салдарынан, шартты сөз қолданысында мән бірдей болады.
[Ақиқат] ақ объектіге ненің байланысы бар болса, онда ол сөз бен түсініктің [сыртқы]
тірегіңдей алға шығады. Жеке күйінің өзгерісі үдерісінде бола тұрып, [ақиқат объект] сөз
бен де, санамен де қосақталып жүрмейді. Ұқсас жағдайда сөз бен мағынаның [ақиқатта]
бір-біріне ара қатынасы жоқ. Сөз — бұл бір, объект — басқа, мағына — үшінші, бұлардың
айырмашылығы осында болады. Сонымен, санъяма салдарынан, олардың
айырмашылығынан йогтарда барлық тірі жан иелері [шығаратын] дыбыс білімі пайда
болады.
18. Тікелей санскарға жету арқасында өткен туылу білімі пайда болады.
Бұл санскарлар екі [түрлі]: жад себептері және аффектілер, санасыз әсер іздері түрінде
[алға шығатын] және дхарма және адхарма түрінде [алға шығатын карма жемістерінің]
жетілу себебі ретінде белгілі. Өткен өмір сүрулерде қалыптасқан олар, [сана] күш салуы,
[сана өрістеуінің] тоқтауы, |аффектілердің] потенциалдық қуаты, өмірге қабілеттілік және
дхарма, сананың қабылданбайтын құбылыстары болып көрінеді. Осындай
[құбылыстардағы] санъяма жаттығулары тікелей санскарға жетуге алып келуге қабілетті.
Дегенмен, оларға жету кеңістік, уақыт және туындайтын жағдай туралы сезімдік
тәжірибесіз мүмкін емес. Сондықтан тек осындай тікелей жету нәтижесінде йогтерде
өткен дүниеге келу білімі пайда болады.
Нақ осылай және тікелей санскарларға жетудің арқасында, өмір сүрудің өзге түрлерінде
басқа [тірі жандар] мен дүниеге келудің өткенді шолатын білімі [көрінеді]. Мысалы,
келесі оқиға белгілі. "Бхагаван Джайгишавья, тікелей санскарды андауы арқасында
[Ғаламды жасаудың] он ұлы кезеңдері бойына [жеке ] өмір сүру түрлері өзгерістерінің
бірізділігін бақылаудан жоғарғы ажырататын білімді табады. Сонда Бхагаван Аватья адам
бейнесінде оған келіп: "Ғалам жасалуының он ұлы дәуірі бойында сенің парасатыңның
саттвасы [раджаспен де, тамаспен де] лайланған жоқ, сен жануарлар мен тозақ