Page 71 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

71
Санъяма салдарынан сапалық анықталғандық, айырмашылық белгілер және күйлер,
немесе жағдайлар, өмір сүру өзгерістері жөнінде йогтың бойында өткен және болашақ
білімі пайда болады. [Сана] шоғырлануы, пайымдау және жинақталу — бүл [психо-
техникалық жаттығулар] үштігі бірге "санъяма" атауын алады. Осындай [санъяма]
арқасында тікелей жеке тәжірибеде сыналатын үштік өзгеріс, оларда өткен жөне болашақ
білімін туындатады.
17. Сөздің, объектінің және мағынаның жалған теңестірілуінен олардың
шатастырылуы пайда болады. Олардың айырмашылығы туралы санъяма арқасында
барлық тірі жандар [ шығаратын] дыбыстар білімі [ пайда болады].
Сонымен, соз мүшесі қызметі — тек дыбыстарды [шығару], ал есіту мүшесі объектісі
[болатын] тек, [қайсысы] шығарылатын дыбыс үніне айналатын [сондай ауа қозғалысы].
Сөзбен не байланысты болса, сол шығарылатын үндердің парасатпен бөлектенбейтін
ретінде қабылдануы.
Дыбыстар / фонемдер өз табиғатында бір — біріне өзара қолдаушы болуы мүмкін емес,
өйткені олар бір уақытта пайда болу қасиетіне ие болмайды. Олар, [сондықтан бір-
бірімен] сөз [өндіру], оның мәнін беру [үшін] байланысқа түспей пайда болады, және
жойылады. Сондықтан [олардың] әрқайсысы [бірінен бірі даралықта] "сөздің ішкі түрінен
айрылған" аталады. Сонымен бірге, әрбір дыбыс сөздің мәніне ие болады және өзінде
барлық белгілердің қабілетін жинақтайды, ол өзімен қарым — қатынаста болатын басқа
дыбыстармен өзара байланысы арқасында жалпыға бірдей сөз түрін табады. Алдыңғы
[дыбыс] соңынан келетінмен, ал соңынан келетін — алдыңғымен [олардың] өзіндік
орналасуымен анықталады. Сондықтан белгілі бір тәртіпте бір — бірінің ізімен жүретін
[қандай да бір] дыбыстардың көптігі [сондай бір] объектіге шартты келісімнің арқасында
таңылған болып шығады. Дегенмен олар бәрінің айтылу қабілетін өз ішіне алса да,
[болашақ айтылатын ретінде] келесі "г", "ау", және "х" үйлесімділіктерінде [тек бір]
объектіні, [демек] әукесі болатын [сиырды] және т.б. белгілейді.
Осындай шартты келісім нәтижесінде шығарылатын, нақты объектілерге таңылатын
дыбыстардың бүтіндей бірізділігі және жеке ментальдық болған әрекеттің [мазмұнын],
[демек] белгіленетін объектіні білдіретін белгі ретінде берілетін — сөз болады. Бұл жеке
сөз, жеке ментальдық болған әрекет аймағын көрсетеді және [дыбыс шығаратын
мүшелердің] жеке күш салуымен шығарылады. Оның бөліктері немесе [ішкі] бірізділігі
болмайды және [физикалық] дыбыстардан да тұрмайды. Ол ментальді және соңғы
дыбыстың қабылдануы арқасында әрекетке келтіріледі. Егер [адамда] басқаға [бірдеңені]
хабарлау тілегі пайда болса, онда ол бұны тыңдаушылар арқылы қабылданатын тек
артикуляциялық дыбыстар көмегімен айтуы мүмкін. [Уақытта] бастауы жоқ тілді
пайдалану, [қарапайым] адамдардың парасатын санасыз эсерлер [ненің арқасында, тілдің
дұрыс түсінілуі мүмкін] іздерімен қанықтырады. Бұнда [сөз жоғарғы реалдылыққа ие
болушы ретінде] қарастырылады.
Оның [дыбыстарға] эмпирикалық бөлінуі шартты келісіммен байланысты: қандай да бір
дыбыспен бітетін [дыбыстардың] сондай көптігі, қандай да бір объектіні белгілейді.
Дегенмен, шартты келісім — өз мәнінде [бұрынғы сөз қолданыстарын] еске түсіру: "бұл
не объект болса, сөз де сол болады", "бүл не соз болса, бүл объекті сол болады", сөз бен
референттің жалған теңестірілуіне негізделген. Сондықтан шартты келісім өзінің түрінде
ненің салдарынан сөз, объект және түсінік өзара араласатын, өзара таңуға саяды: "сиыр"
— сөз, "сиыр" — объект және "сиыр" — түсінік. Бұл [үш аспектінің] мүлде әр түрлілігін
кім түсінсе, сол ақиқатында бәрін өзі біліп түру үлесіне ие болады.