70
[Сұраймыз]: қалайша бір тәжірибе субъектісінің санасы, басқа [сананың] жасаған
әрекеті үшін жауапты есептелуі мүмкін? Одан басқа бұндай жағдай жадта да
болмас еді, өйткені біреу екінші біреудің көргендерін есіне түсіре алмайды. [Өткен
тәжірибеде қабылданған] ақиқат объектіні танудан, әр түрлі сапалы анықталған
жағдайларды қабылдайтын тұрақты, өзіне тең субстраттың болатыны туралы
қорытындыға келуге болады. Сондықтан, барлық осы әлемнің [қандай да бір
субстанциямен] байланыссыз тек дхармалар болатынымен [ келісуге болмайды].
15. Айырмашылық бірізділігі [сатылар] өзгеруінің жүйелілігі үшін негіз болады.
Егер, бір [және тек сол] субстраттың, тек бір өзгерісі бар болатыны туралы [көзқарасты]
қабылдайтын болсақ, онда |бұндай жағдайда оның күйінің] бірізділігіндегі айырмашылық,
оның өзгеруі [сатыларын] ажырату үшін себеп болады. Солай ұнтақ түріндегі саз,
жұмарланған түрдегі саз, құмыра түріндегі саз, тостаған түріндегі саз, сынықтар түріндегі
саз [субстрат күйінің] бірізділігі болады. Онда басқа сапалы анықталған күйдің тікелей
алдында болатын сапалы — анықталған күй, бірізділіктің [негізі] болады. Иленген саз]
кесек жойылып, құмыра пайда болады, — бұл өзгеріс бірізділігінің сапалы анықталған
күйі. Айырмашылығы белгісі өзгерісінің жүйелілігі — бұл әлі пайда болмаған [демек,
болашақ] құмыраның нақты өмір сүруінің [пайда болуы] бірізділігі. Осындай бейнеде саз
кесектің өткендегі бар болуы, нақты өмір сүруі бірізділік [болып көрінеді].
Өткен үшін, [дегенмен, ешқандай] бірізділік болмайды.
Неге?
Тікелей алдында болу, тек ертерек — кештеу қатынасында байқалады. Өткен үшін
ол жоқ. Сондықтан [уақыт] бірізділігі тек екі айырмашылық белгілер үшін бар
болады. Өмір сүру күйі өзгерістерінің бір ізділігі де осындай. Сонымен, ескіру
қасиеті жаңа құмыраның бірінші [пайда болу] сәтінде — ақ табылады. Және бұл
ескіру әзірге [құмыраның өмір сүруінің] соңғы сатысы келгенше, бір-бірін
ауыстыратын сәттер бірізділігінен көрінеді. Сонымен, өзгерудің осы үшінші түрі
белгілер мен сапалы анықталған күйлердің [өзгерістерінен] айрылады.
Бұл бірізділіктердің бәрі сапалық анықталғандық пен оның сақтаушысының арасындағы
айырмашылықтан өзінің түрін табады. Сапалық анықталғандық сондай-ақ, басқа сапалық
— анықталғандықтың жеке түріне қатынасында сақтаушы рөлінде де алға шығуы мүмкін.
Дегенмен қашан сақтаушы [оның қасиеттерін] ажыратпай шексіз ойда қарастырылса,
осындай бапта осы [сақтаушының] өзі сапалық анықталғандық [демек, дхарма] деп аталуы
мүмкін. Сонда [жоғарыда] еске алынған бірізділік [санада] нақ жеке ретінде алға шығады.
Сананың екі сапалық — анықталған күйі қабылданатын және қабылданбайтын [болып
өмір сүреді]: Олардан қабылданатынның өзінің мәні танымдық актілер болады, ал
қабылданбайтындары — тек [психикалық] ақиқаттылық. Тек осындай, қайсысының
ақиқат мәндер сапасында шынайы өмір сүруі, ой қорытындысы арқылы анықталатын жеті
[қабылданбайтын сана қасиеттері] саналады. [Сана өрістеуінің] тоқтатылуы, дхарма,
қалыптастырушы факторлар, өзгеру, сондай-ақ тіршілікке қабілеттілік, [сана] күш салуы
және [аффектілердің] потенциалды қуаты — көру мүмкін болмайтын сананың сапалық
анықталғандығының мәні. Ары қарай санъяма аймағын [демек], тілеген мақсатына жету
үшін барлық тәсілдерді тапқан йогтың [психо-техникалық жаттығуларын] қарастыру
басталады.
16. Санъяма арқасында үш өзгерісте өткен және болашақ білімі [пайда болады].